Aeg-Electrolux 41005VD-MN User Manual Page 25

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 56
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 24
Пайдалану, кестелер мен ақыл-кеңес
Ыдыс-аяқ
Ыдыс-аяқтың жарамды не жарамды еместігін оның түбінен-
ақ білуге болады. Ыдыстың түбі барынша қалың əрі
мүмкіндігінше тегіс болуға тиіс.
Жаңа ыдыс не қуыруға арналған таба сатып алған кезде
оның түбінің диаметріне назар аударыңыз. Əдетте
өндірушілер ыдыстың үстіңгі ернеуінің диаметрін көрсетеді.
Түбі алюминий не мыстан жасалған ыдыстар керамикалы
шыны беттің үстіне кейін тазаланбайтын металл дағын
қалдыруы мүмкін.
Шойыннан құйылып жасалынған не түбіне нұқсан келген,
түбі түрпілі не кедірлі-бұдырлы ыдысты пайдаланбаңыз.
Ыдысты пештің бетінде сырғытқан кезде оған сызат түсуі
мүмкін.
Суық ыдыстардың түбі
əдетте ішке қарай сəл
кіріп тұрады (ойыстық).
Бұл ешқашан сыртқы
қарай томпиып шығып
тұрмауға тиіс (дөңестік).
Арнайы ыдыстарды пайдаланған кезде (мысалы, қысым
арқылы пісіретін ыдыс, баяу қайнататын ыдыс, түбі дөңес
қазанша т.б.)өндірушінің нұсқауларын орындаңыз.
Қуатты үнемдеу
Ыдыстарды əрқашан
пісіру аймағын қоспай
тұрып үстіне қойыңыз.
Мүмкін болса,
ыдыстардың
қақпақтарын əрқашан
жауып отырыңыз.
Қалдық жылуды
ұтымды пайдалану үшін
пісіру аймақтарын
пісіруді аяқтамас бұрын
өшіріп қойыңыз.
Ыдыстың түбі мен
пісіру аймағының
өлшемдері өзара сай
келуге тиіс.
25
Page view 24
1 2 ... 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 ... 55 56

Comments to this Manuals

No comments