Aeg-Electrolux 41005VD-MN User Manual Page 51

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 76
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 50
Желдеткіш арқылы пісіру
Тұмшапештің ішіндегі ауа артқы панельде орналасқан желдеткіштің
айналасындағы элемент арқылы қыздырылады. Тұмшапеш ішіндегі
температураны қажетті деңгейде ұстау үшін желдеткіш ыстық ауаны
айналдырып тұрады.
Бұл функцияны пайдаланудың тиімді жақтары:
Алдын ала жылдам қыздыру
Желдеткішті пеш қажетті температураға жылдам жететіндіктен, оны
алдын ала қыздырудың қажеттігі жоқ, сондай-ақ пісіру уақытына қосымша
5-7 минутты қосуды қажет деп табуыңыз да мүмкін. Жоғары
температураны қажет ететін рецептілерді(мысалы, нан, кондитер
өнімдері, лаваш, суфле т.б.)пайдаланғанда, пешті алдын ала
қыздырсаңыз, тамаша нәтижеге жетесіз.
Төмен температура
Конвекция арқылы пісіргенге қарағанда, желдеткішті пеш негізінен төмен
температураларды қажет етеді.
Конвекция арқылы пісіруді қажет ететін рецептілерді пайдаланғанда,
температураны шамамен 20- 25
°
C градусқа азайтуды ұмытпаңыз.
Пісірген кезде біркелкі қыздыру
Желдеткішті пештің сөре орналасатын сырғытпаларының барлығында да
тағам біркелкі қыздырылады. Бұл біркелкі тағамдардың бірнеше
партиясын пеште бір уақытта пісіруге болатындығын көрсетеді.
Дегенмен, үстіңгі сөредегі тағам астыңғы сөреге қарағанда сәл жылдам
қызаруы мүмкін.
Бұл әбден қалыпты жағдай. Тағамдардың дәмі бірінен біріне сіңбейді.
Желдеткішті пешті қалай пайдалануға болады
1. Тұмшапештің функцияны басқаратын түймешесін қалпына
қойыңыз,
2. Терморелені басқаратын түймешені қажетті температураға қойыңыз.
Ақыл-кеңес
Сөре сырғытпалары шешуші роль атқармайды, дегенмен сөрелердің
дұрыс таратылып орнатылғанын қадағалаңыз.
Желдеткішті пеште бірден көп тағам пісірген кезде, тағамдардың
барлығын бір сөреге қойғаннан гөрі, әрбір сөренің ортасына таратып
қойғаныңыз дұрыс.
Тұмшапешке тағамды толтыра қою үшін пісіру уақытын сәл созу қажет
болуы мүмкін.
Сөрені пештің табанына қоюға болады. Тағамдарды пештің табасына
емес оның сөресіне қойған кезде, тағам айналасындағы ауа айналымын
жақсарту үшін осылай орналастырыңыз.
Тұмшапешке біртекті тағамды толтыра салған кезде, мысалы бірдей
кішкене торттар не біркелкі "Виктория" сэндвич торттарын салған кезде,
бұлардың барлығы да біркелкі піседі де, пештен бір уақытта алынады.
Пешті іске қосу
51
Page view 50
1 2 ... 46 47 48 49 50 51 52 53 54 55 56 ... 75 76

Comments to this Manuals

No comments