Aeg-Electrolux 41005VD-MN User Manual Page 65

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 76
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 64
Ыстық тұрған керамикалы шыны бетке тазалағыш заттарды тигізбеу
қажет! Тазалағыш затты пайдаланып тазалап болған соң, олардың
барлығын таза суды көп мөлшерде пайдалана отырып пеш бетінен
мұқият арылту қажет, себебі шығырықты келесі жолы қайта қыздырған
кезде олар зиянды әсер тудыруы мүмкін!
Қандай да бір жеміргіш тазалағыштарды, мысалы, гриль не пеш
бүріккіштерін, сызат түсіруі ықтимал түрпілі тазалағыштарды не ыдыс
тазалағыш заттарды пайдаланбаңыз.
Керамикалы шыны бетті әрбір пайдаланып болған сайын, жылымшы
тұрғанда не суыған соң тазалап отырыңыз. Осылайша жиналған
қалдықтың жанып кетуіне жол бермейсіз. Қақ пен судан қалған жолақ
іздерді, май тамшысын және металл іздерді сатудағы керамикалы шыны
не тоттанбайтын болатқа арналған тазалағыш заттармен тазалаңыз.
Пешті тазалау
Назарыңызда болсын!
Бұл пешті әрқашан таза ұстау керек. Жиналған май не тағам өрт қатерін
тудырады, әсіресе гриль табасында бұл қатердің орын алу ықтималдығы
жоғары.
Пешті пайдаланып болған соң оның қуысын жылы тұрған кезінде мұқият
тазалап алыңыз. Сонымен қатар, тоңмай не шырын дағы, қант түйірлері
не май тәрізді заттардан қалған қалдықты осы кезде тазалап алған жеңіл.
Тазалғыш зат қосылған су не пеш бүріккіштердің сай келетін бірін
пайдалануға болады.
Назарыңызда болсын!
Көмескі темір беттерге бүріккішті тура шашпаңыз, себебі бұл оларды
бүлдіруі мүмкін және әрқашан өндіруші нұсқауларын орындаңыз.
Пештің керек-жарақтарын тазартқыш зат пен жылы сумен тазалаңыз.
Қабыршықтанып жабысқан қақты аздап жеміргіш ұнтақ арқылы кетіріңіз.
Назарыңызда болсын!
Пештің ешбір бөлшегін алюминий қаңылтырмен қаптамаңыз. Бұл пісіру
нәтижесіне әсер ететін және пештің сырлы бетін бүлдіретін қызудың
жиналуына себеп болуы мүмкін.
Тазалағыш материалдар
Қандай да бір тазалағыш затты пешті тазалау үшін пайдаланбас бұрын
олардың жарамдылығын әрі осы өнімді өндірушінің оларды ұсынатын не
ұсынбайтынын тексеріп алыңыз.
Құрамында ағартқыш қоспасы бар тазалағыш заттар пештің беткі
қабатының өңін солғын тарттыратындықтан, оларды қолданбаған жөн.
Қатты түрпілі заттарды да қолданудан сақ болыңыз.
Назарыңызда болсын!
Осы құрылғыны тазалау үшін буды немесе бумен тазалағыш аспапты
ешқашан пайдаланбаңыз.
Күту менен тазалау
65
Page view 64
1 2 ... 60 61 62 63 64 65 66 67 68 69 70 ... 75 76

Comments to this Manuals

No comments