Aeg-Electrolux 41005VD-MN User Manual Page 66

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 76
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 65
Сыртын тазалау
Назарыңызда болсын!
Басқару панелін, пеш есігін, оның тығыздағышын аздаған жуғыш зат
салынған жылы суға жұмсақ шүберекті батырып, әбден сығып алғаннан
соң уақтылы сүртіп отыру керек.
Пеш есігінің шыны панеліне нұқсан келіп не босап қалмас үшін келесі
заттарды пайдаланбаңыз:
Тұрмыста қолданылатын жуғыш заттар мен ағартқыштар
Түбі күймейтін кәстрөлдер үшін жарамайтын арнайы зат сіңірілген
тазалағыш мата
Маталар не темір жөкелер
Химиялық пеш тазартқыштар не бүріккіш
Тот кетіргіштер
Ванна/Раковина дақ кетіргіштері
Есіктің сыртқы және ішкі шынысын сабынды жылы сумен тазалаңыз.
Есіктің ішкі шынысы аса қатты ластанып кетсе, "Hob Brite" не "Bar Keepers
Friend" тәрізді тазалағыш заттарды пайдалану ұсынылады.
Қосымша жабдықтар
Керек-жарақтарды тазалаңыз
Сөрелерді, май жинайтын табаны т.с.с. ыстық су мен жуғыш затқа салып
жуыңыз. Шайыңыз да мұқият құрғатыңыз.
Пештің ішкі оң жақ және сол жағында орналасқан кіріктірмелі жолдарды
оның қабырғаларын тазалау үшін алып қоюға болады.
Бұрама шегелерді(A) ағытып
алыңыз да, кіріктірмелі жолдарды
пештен алыңыз. Кіріктірмелі
жолдарды және сөрелерді қолмен
не ыдыс жуғышпен жуыңыз. Егер
аса қатты ластанып кетсе темір
жөкемен тазаламас бұрын алдын
ала жібітіп алыңыз.
Осы әрекеттерді кері тәртіпте
орындау арқылы бөлшектерді қайта
жинаңыз.
Пісіру сөрелері мен пеш ыдыстарын
қағаз сүлгімен сүртіп не қажет болса
қолмен жуып алу керек. Сай келетін қырғышты қолдану арқылы кез келген
күйіп жабысып қалған тағам қалдығын тазалап алуға болады.
Гриль элементі
Пештің төбесін тазалауды жеңілдету үшін гриль бөлшегін төмен қарай
жиып қоюға болады.
Гриль бөлшегін төмен жиып қою:
A
1
2
66
Күту менен тазалау
Page view 65
1 2 ... 61 62 63 64 65 66 67 68 69 70 71 ... 75 76

Comments to this Manuals

No comments