Aeg-Electrolux 41005VD-MN User Manual Page 42

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 76
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 41
Эмаль қаптамаға қатысты ескерім.
Қолдану барысында пештің эмаль қабатының түрінің өзгеруі пештің
қалыпты жұмыс істеуі мен қолдануға сай келу, не келмеуіне әсерін
тигізбейді. Сондықтан да, бұл кепілдік шартына сай жөнделуге тиіс
ақаулықты тудырмайды.
Күтім көрсету және тазалау
Пештің керамика шынысы мен тұмшапешін таза ұстаңыз. Май мен
шашырандылар қызған кезде тұтануы, сонымен қатар өрт қаупін
тудыруы мүмкін.
Қант пен құрамына көп мөлшерде қант қосылған мармелад тәрізді
тағамдардың қалдықтарын, еріп кеткен пластик немесе фольга тәрізді
заттарды, пештің бетін бүлдірмес үшін қырғышпен (пеш оттығының
қызуы әлі басылмай тұрғанда) дереу тазалаңыз. Қырғыштың жүзі өткір
болғандықтан абай болыңыз.
Қораптан шығару
Пештің бүтіндігін, еш жерінің бүлінбегендігін тексеріңіз. Тасымалдау
барысында бір жері бүлініп қалса, дереу дилеріңізге хабарласыңыз.
Тікелей жеткізілген жағдайда, тасымал барысында орын алған
ақаулықтарды, қызмет көрсету орталығына жеті күннің ішінде
хабарлауыңыз керек.
Орам материалдарын қайта өңдеуден өткізуге болады. Жергілікті жердегі
материалдарды қайта өңдеуден өткізетін орталықтар туралы қосымша
ақпаратты өз дилеріңізден алыңыз.
Құрылғыны іске қоспай тұрып, ішіндегі орам материалдарын алуды
ұмытпаңыз.
Орнатқаннан соң, орауыш заттарды қауіпсіздік пен қоршаған ортаны
қорғау ережелерін мұқият сақтай отырып арнайы жерге тастаңыз.
Ескі құрылғыны кабелін кесіп алу арқылы мүлдем жарамсыз етіп барып
тастаңыз.
Өнімнің бетіндегі немесе оның орамындағы
белгішесі, оны
тұрмыстық қалдық ретінде тастауға болмайтынын көрсетеді. Оның
орнына пешті электр және электрондық жабдықтарды қайта өңдеуден
өткізу үшін жинайтын орталыққа тапсыру керек. Осы құрылғыны дұрыс
тастау арқылы құрылғы дұрыс тасталмаған жағдайда қоршаған орта
мен адамдардың денсаулығына төнуі ықтимал қатердің алдын аласыз.
Осы құрылғыны қайта өңдеуден өткізуге қатысты егжей-тегжейлі
ақпаратты жергілікті қала әкімшілігіне, тұрмыстық қалдықтарды тастау
қызметіне немесе осы өнімді сатып алған дүкенге хабарласып алыңыз.
Бұл нұсқаулықты келешекте де пайдалану үшін сақтап қойыңыз, егер
құрылғы келешекте басқа бір адамға берілсе нұсқаулықты да қоса беруді
ұмытпаңыз.
42
Қауіпсіздік нұсқаулары
Page view 41
1 2 ... 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 ... 75 76

Comments to this Manuals

No comments