Aeg-Electrolux 41005VD-MN User Manual Page 48

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 76
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 47
Тұмшапеш терморелесін басқаратын түймеше
Тұмшапеш терморелесінің түймешесін сағат бағытымен бұрау арқылы
пісіру температурасын таңдайсыз.
Температураны 50
°
C пен 250
°
C аралығында таңдауға болады.
Термореле басқаратын температура әркелкі болатындықтан, көрсетілген
температуралардың аралығындағы мәнді де таңдауға болады.
Ескеретін жағдай
Пештің температурасы таңдалғаннан кейін, пеш терморелесінің сигнал
шамы жанады да, пеште таңдалған температура орнағанға дейін жанған
қалпы тұрады. Содан кейін, терморелемен бірге жанып-сөніп,
температураның бірқалыпты тұрғанын көрсетеді.
Конвенциялы пеш жұмысының принципі
Үстіңгі және астыңғы қыздырғыш элементтер мен желдеткіш
айналасындағы шығырық тәрізді бөлшектер, пештің арт жағында
орналасқан ауа түтіктері арқылы таралатын ауаны қыздырады. Гриль
желдеткішіне бармас бұрын ыстық ауа пеш ішінде айналып тұрады.
Қызу жылдам әрі эффективті түрде таралып, көп жағдайда үстіңгі/
астыңғы жылуды пайдаланғаннан гөрі төмен температураны пайдаланып
пісіруге болады дегенді білдіреді. Егер рецепт бойынша 160ºC және 225ºC
аралығындағы температураны қолдану қажет болса оны 15-20% азайтып
қоюға болады. Температруа неғұрлым жоғары болса, оны соғұрлым
көбірек төмендетіп қоюға болады. 225ºC градустан жоғары
температурада пісіру үшін үстіңгі/астыңғы қызуды пайдаланған
анағұрлым тиімді. Ең жоғарғы температура әсіресе, гриль арқылы
пісіргенде тиімді.
Тұмшапешті пайдалану
Назарыңызда болсын!
Алюминий қаңылтырды, пісіру табаларын не тұмшапеш ыдыстарын оның
табанына ешқашан тура қоймаңыз.
Тұмшапештің астыңғы жағынан келетін қызуды бөгеу, қызудың шамадан
тыс көп жиналуы нәтижесінде пештің сырын бүлдіруі мүмкін. Іске қосулы
тұрған тұмшапеш қызып тұрады: ЖАҚЫН ЖҮРГЕН БАЛАЛАРДЫ КӨЗДЕН
ТАСА ҚАЛДЫРМАУ КЕРЕК.
Пісіру табасы температураның ауытқуына байланысты не оған тағам
(пицца т.б.) біртегіс жаймаланып салынбаса, уақытша деформацияланып
қалуы мүмкін. Салқындағаннан кейін таба өз қалпына келеді.
Тұмшапеш функцияларын тағам пісірудің әр түрі үшін қалай тиімді
қолдануға болатындығы туралы практикалық кеңесті төменнен көріңіз:
Пісіру
Конвекция арқылы пісіру қыздырылған ауаның табиғи конвекциясы
арқылы жүзеге асырылады.
48
Пешті іске қосу
Page view 47
1 2 ... 43 44 45 46 47 48 49 50 51 52 53 ... 75 76

Comments to this Manuals

No comments