Aeg-Electrolux 41005VD-MN User Manual Page 57

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 76
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 56
Пайдалы нұсқаулар менен кеңестер
Пештің керамика шынылы үстін пайдалану
Шыны берік әрі жылу, суық және температураның төтенше әсерлеріне
төзімді етіп жасалынған. Бірақ шынының барлық түрлері сияқты соққы
көтеруге осал. Керамика шыны беттің үстіне аяқпен шығып тұрмаңыз.
Назарыңызда болсын!
Егер сызат не жарық түскенін байқасаңыз, электр қатеріне жол бермеу
үшін пешті электр желісінен ажыратыңыз да, ең жақын қызмет көрсету
орталығына телефон соғыңыз.
Назарыңызда болсын!
Еріп кететін заттар мен материалдарды, мысалы, пластмасса заттарды,
алюминий қаңылтырды не пеш қаңылтырларын пештің керамика бетінен
аулақ ұстаңыз.
Қуатты үнемдеу үшін
тек түбі майда әрі біртегіс пісіру және қуыру ыдыстарын пайдаланыңыз
ыдыс пен табаларды пісіру алаңын іске қоспас бұрын орналастырыңыз
мүмкін болса, ыдыс пен табаларды қақпақпен жабыңыз
қалдық жылуды тиімді пайдалану үшін, пісіру алаңын пісірудің соңына
дейін бірнеше минут қалғанда өшіріп қойыңыз
пісіру алаңдарының қалдық жылуын, тағамды жылы ұстау не еріту үшін
пайдаланыңыз
ыдыс пен табаларды пісіру алаңының ортасына қойыңыз
Кәстрөлдер мен ыдыстар
Кішкене ыдыстарға қарағанда, үлкен ыдыстардың табаны жалпақ
болғандықтан, қызу тез таралып, тағам тез пісетінін ескеріңіз.
Әрқашан пісірілетін тағамға сай келетін ыдысты қолданыңыз. Әсіресе,
сұйық тағам қайнатқанда тым кішкене ыдыс қолданбаңыз, себебі бұндай
ыдыстағы тағам тез тасып кетеді, немесе тағамды тез пісіру үшін тым
үлкен ыдыс пайдаланбаңыз; Түбінде ашық жерлер қалса, май мен сөл тез
жанып, жабысып қалады.
Торт пісіру үшін құрастырылмайтын қаңылтыр қалыптарды пайдаланған
дұрыс. Құрастырылатын қалыптардан жеміс шырыны мен еріген қант
ағып кетеді де, пештің табанына ағып, қатып, тазалаған кезде оңай
алынбайды. Пластик сабы бар ыдыстарды тұмшапешке қоймаңыз, олар
қызуға төзімсіз.
Түбі кең ыдыс тар ыдысқа қарағанда тағамды тез пісіретіндігін
ұмытпаңыз.
Пайдалы нұсқаулар менен кеңестер
57
Page view 56
1 2 ... 52 53 54 55 56 57 58 59 60 61 62 ... 75 76

Comments to this Manuals

No comments