Aeg-Electrolux B89090-5 User Manual Page 5

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 36
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 4
Электр қосылымы
Құрылғыны міндетті түрде жерге қосу қажет.
Техникалық ақпарат тақтайшасындағы электр параметрлерінің электр
желісіндегі параметрлерге сай келетініне көз жеткізіңіз.
Кернеу туралы ақпарат техникалық ақпарат тақтайшасында көрсетілген.
Әрқашан дұрыс орнатылған, электр қатерінен сақтандырылған
розетканы қолданыңыз.
Электр құрылғыларын розеткаларға қосқан кезде, қорек сымдарын
құрылғының ыстық есігіне тигізбеңіз немесе жақындатпаңыз.
Көп істікшелі ашаларды, жалғастырғыштар мен ұзартқыш сымдарды
қолданбаңыз. Өрт шығу қаупі бар.
Қорек сымын ауыстырмаңыз немесе өзгертпеңіз. Қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
Құрылғының арт жағындағы электр ашасы (егер қолданылса) мен қорек
сымының жаншылып немесе бүлініп қалмағанына көз жеткізіңіз.
Орнатып болғаннан кейін электр розеткасының қол жететін жерде
тұрғанына көз жеткізіңіз.
Құрылғыны ажырату үшін қорек сымынан тартпаңыз. Әрқашан
ашасынан (егер болса) тартып ажыратыңыз.
Қолданылуы
Бұл тек үйде қолдануға арналған құрылғы. Құрылғыны коммерциялық
немесе өндірістік мақсатта қолданбаңыз.
Құрылғыны тек үйде тамақ пісіру үшін ғана пайдаланыңыз. Бұл адам
жарақаттанып, мүлікке зиян келудің алдын алу үшін қажет.
Құрылғыны жұмыс орны немесе зат сақтайтын орын ретінде
қолданбаңыз.
Тұтанғыш заттарды немесе ішіне тұтанғыш зат салынған дымқыл
заттарды және/немесе балқығыш заттарды (пластмасса немесе
алюминийден жасалған) заттарды құрылғының қасына немесе үстіне,
ішіне қоймаңыз. Жарылыс немесе өрт шығу қаупі бар.
Құрылғыны іске қосқан кезде іші ысып кетеді. Күйіп қалу қаупі бар.
Керек-жарақтар мен кәстрөлдерді алып-салған кезде қолғап киіңіз.
Пештің эмаль қаптамасын бүлдіріп алмас алмас үшін оның керек-
жарақтарын салып, не алып жатқан кезде абай болыңыз.
Жұмыс істеп тұрған құрылғының есігін, әрқашан құрылғыдан алыс тұрып
ашыңыз. Ыстық бу шығуы мүмкін. Теріні күйдіріп алу қаупі бар.
Эмаль қаптаманың түсінің кетуі құрылғының жұмысына еш әсер етпейді,
сондықтан да бұл кепілдік заңы бойынша қарастырылатын жағдай емес.
Құрылғының эмаль қаптамасы бүлініп немесе өңі кетпес үшін:
құрылғының табанына ешбір затты тура қоймаңыз және оны
алюминий фольгамен жаппаңыз;
құрылғының ішіне ыстық суды тура қоймаңыз;
тамақ пісіріп болғаннан кейін дымқыл ыдыс пен тағамды құрылғының
ішінде ұстамаңыз.
Бұл құрылғыны суға тиіп тұрса пайдаланбаңыз. Құрылғыны су қолмен
іске қоспаңыз.
Қауіпсіздік туралы мағлұматтар
5
Page view 4
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 ... 35 36

Comments to this Manuals

No comments