Aeg-Electrolux B9971-5-M Recipe Book Page 23

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 28
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 22
көмкерілген бечамель соусынан тұрады. Қалған сары майды ұсақ
кесектерге бөліп лазаньяның үстінен салыңыз.
CANNELLONI
Толтырма:
50 г туралған пияз
30 г сары май
350 г туралған шпинат жапырағы
100 г кілегей
150 г текшелеп туралған жас албырт балық еті
150 г текшелеп туралған Нил алабұғасы
100 г асшаян
100 г мидия еті
50 г үгітілген пармезан ірімшігі
150 г үгітілген эмменталь ірімшігі
Бечамель соусы:
75 г сары май
50 г ас қасық ұн
500 мл сүт
Тұз, бұрыш және мускат жаңғағы
1 қапшық каннеллони
Дайындау әдісі:
Пияз бен сары майды табаға салып, пияздың түсі кеткенше әлсіз отта
пісіріңіз. Шпинатты қосып, оны да аздап пісіріңіз. Кілегейді қосып,
араластырып, содан кейін салқындатыңыз. Албырт, алабұға етін, асшаян
мен мидия етін шпинатқа қосып араластырыңыз. Осы уақыт аралығында
бечамель соусын дайындаңыз. Ол үшін сары майды табада ерітіңіз де, ұн
қосып, сарғылт тартқанша араластырыңыз. Үзбей араластыра отырып
біртіндеп сүт құйыңыз. Тұздыққа тұз, бұрыш пен мускат жаңғағын қосыңыз
да, қақпағын жаппай шамамен 10 минут қайнатыңыз. Пешке төзімді
төртбұрышты үлкен ыдысты 1 ас қасық сары маймен майлаңыз.
Каннеллонидің ішіне пинат қоспасын толтырып, пісірме табаққа салыңыз.
Бечамель соусын каннелонидің әр қатарының арасына құйыңыз. Ең
соңғы қабаты сыр ұнтақтарымен көмкерілген бечамель соусынан тұрады.
Қалған сары майды ұсақ кесектерге бөліп пісірменің үстінен салыңыз.
MEAT CASSEROLE
Құрамы:
1,5 кг шошқа эскалопы
750 г дәмделген туралған ет
750 г пияз
500 г үгітілген эмменталь ірімшігі
200 мл кілегей
400 мл йогурт
Дайындау әдісі:
Эскалоптарға аздап тұз бен бұрыш қосыңыз да, оларды қуыру табасына
салыңыз. Дәмделіп туралған етті олардың үстінен жайып салыңыз.
Қолданылуы, кестелер және кеңестер
23
Page view 22
1 2 ... 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28

Comments to this Manuals

No comments