Aeg-Electrolux B9971-5-M User Manual Page 16

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 40
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 15
Meatprobe
Ет зонды еттің ішкі температурасын өлшейді. Еттің температурасы
орнатылған температураға жеткен кезде пеш автоматты түрде өшіп
қалады.
Екі түрлі температураны орнату керек:
Пеш температурасы: “Кестелер, ақыл-кеңес жəне рецептілерілеспе
кітапшасында берілген "Қуыру" кестесін қараңыз.
Ішкі температура: “Кестелер, ақыл-кеңес жəне рецептілерілеспе
кітапшасында берілген "Ет зонды" кестесін қараңыз.
Тек құрылғымен бірге жеткізілген ет зондын немесе тек фирмалық
бөлшектерді ғана қолданыңыз.
1. Құрылғыны іске қосыңыз.
2. Ет зондының ұшын еттің
ортасына қарай бағыттаңыз.
3. Ет зондының ашасын, пештің
жанындағы қабырғада орналасқан
розеткаға сұғыңыз.
4. Бейнебетте келесі көрсетіледі:
MEATPROBE жəне
5. Ішкі температураны орнату үшін,
немесе түймешіктерін 5
секундтан аз уақыт қолданыңыз.
5 секундтан кейін, бейнебетте ағымдық ішкі температура көрсетіледі.
Бейнебетте OVEN FUNCTIONS ішкі температураны орнатардың алдында
көрсетілсе,
түймешігін жыпылықтағанша басыңыз. Ішкі
температураны орнатыңыз.
6. Пештің функциясын, қажет болса, пеш температурасын орнатыңыз.
Құрылғы орнатылған ішкі температураға қатысты аяқталу уақытын
қайталап жаңартып көрсетіп тұрады. Бейнебетте жаңа аяқталу уақыты
үздіксіз көрсетіліп тұрады.
Тағам пісіру барысында ет зонды етке шаншылып тұруы, ет зондының
ашасы розеткаға сұғылып тұруы керек. Аяқталуға дейін қалған уақыт
есептеліп тұрғанда, бейнебетте жыпылықтаған текше көрсетіліп тұрады.
7. Еттің температурасы орнатылған ішкі температураға жеткен кезде,
дыбысты сигнал естіледі де, құрылғы автоматты түрде сөнеді.
Дыбысты сигналды кез келген түймешікті басып тоқтатыңыз.
8. Ет зондының ашасын
розеткадан ағытыңыз да, етті пештен алыңыз.
Назарыңызда болсын!
Ет зонды ыстық! Күйіп қалу қатері бар! Ет зондының ашасын немесе оның
ұштығын алған кезде абай болыңыз.
9. Құрылғыны сөндіріңіз.
Ет зонды қолданылатын ет бағдарламаларын қолдану үшін, автоматты
бағдарламаларды қараңыз.
16 Əркүндік қолдану
Page view 15
1 2 ... 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 ... 39 40

Comments to this Manuals

No comments