Aeg-Electrolux B9971-5-M User Manual Page 4

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 40
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 3
Орнату
Құрылғыны тек білікті электрик орнатып, электр желісіне қосуға тиіс.
Уəкілетті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз. Бұл құрылғының
бөлшектерінің бүлінуіне немесе адамның жарақаттануына жол
бермейді.
Құрылғының тасымалдау кезінде бүлінбегеніне көз жеткізіңіз. Бүлінген
құрылғыны іске қоспаңыз. Қажет болса, сатушыға хабарласыңыз.
Құрылғыны бірінші рет пайдаланардан бұрын барлық орамдарын,
жапсырмалары мен төсемдерін алыңыз. Техникалық ақпарат
тақтайшасын
алмаңыз. Бұл кепілдікті заңды күшінен айырады.
Құрылғыны орнатардың алдында, ашасының розеткадан ағытылып
тұрғанын тексеріңіз.
Құрылғыны жылжытқан кезде абай болыңыз. Бұл құрылғының салмағы
ауыр. Əрқашан қорғаныс қолғабын киіңіз. Құрылғыны ешқашан
тұтқасынан ұстап көтермеңіз.
Электр жүйесі құрылғыны кез келген полюсте ажыратуға мүмкіндік
беретін оқшаулағыш құралмен жабдықталуға тиіс. Оқшаулағыш
құралдың контакт ара қашықтығы кем дегенде
3 мм болуға тиіс.
Сізде дұрыс оқшаулағыш құралдар болуға тиіс: желіні қорғайтын
ажыратқыштар, сақтандырғыштар (ұстатқыштан алынған бұрандалы
сақтандырғыштар), жерге тұйықталудан қорғау тетіктері мен
тұйықтағыштар.
Орнатардың алдында ас үй жиһазы мен құрылғы орнатылатын ұяның
өлшемдерінің, құрылғыға сай келетіндігін тексеріп алыңыз.
Құрылғының үсті мен жан-жағын қоршаған конструкциялардың қауіпсіз
болуын қамтамасыз етіңіз.
Осы құрылғы
мен басқа құрылғылардың, заттардың арасындағы
минимум арақашықтықты сақтаңыз.
Бұл құрылғыны тағанның үстіне орнатуға болмайды.
Кіріктірілген пештер мен пештің үсті, арнаулы қосылым жүйелерінің
көмегімен орнатылады. Құрылғыға нұқсан келмес үшін, тек бір өндіруші
өндірген құрылғыларды ғана бірге пайдаланыңыз.
Электртоғына қосу
Құрылғыны міндетті түрде жерге қосу қажет.
Техникалық ақпарат тақтайшасындағы электр параметрлерінің электр
желісіндегі параметрлерге сай келетініне көз жеткізіңіз.
Кернеу туралы ақпарат техникалық ақпарат тақтайшасында көрсетілген.
Əрқашан дұрыс орнатылған, электр қатерінен сақтандырылған
розетканы қолданыңыз.
Көп істікшелі ашаларды, жалғастырғыштар мен ұзартқыш сымдарды
қолданбаңыз. Өрт шығу қаупі бар.
Қорек сымын ауыстырмаңыз немесе
өзгертпеңіз. Қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
Құрылғының арт жағындағы электр ашасы (егер қолданылса) мен қорек
сымының жаншылып немесе бүлініп қалмағанына көз жеткізіңіз.
4 Қауіпсіздік туралы мағлұматтар
Page view 3
1 2 3 4 5 6 7 8 9 ... 39 40

Comments to this Manuals

No comments