Aeg-Electrolux HK634200XB User Manual Page 3

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 20
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 2
Бала қауіпсіздігі
Бұл құрылғыны тек ересек адамдар ғана қолдануға тиіс. Балаларды
құрылғымен ойнап қоймас үшін қадағалап отыру қажет.
Орам материалдарының барлығын балалардың қолы жетпейтін жерде
сақтаңыз. Тұншығып қалу қаупі бар.
Құрылғы жұмыс істеп тұрған кезде балаларды алыс ұстаңыз.
Назарыңызда болсын!
Бала қауіпсіздігінің құралын жас балалар мен үй жануарлары құрылғыны
байқаусызда қосып қоймас қосыңыз.
Жұмыс кезіндегі сақтық шаралары
Құрылғыны ең алғаш іске қоспас бұрын орам материалдарының,
жапсырмалары мен төсем материалдарының барлығын алыңыз.
Пісіру алаңдарын әр қолданып болған сайын "off" қалпына қойыңыз.
Күйіп қалу қатері бар! Пісіру алаңына металл заттарды, мысалы ас
құралдары мен кастрөл қақпақтарын қоймаңыз, себебі олар қызып
кетеді.
Кардиостимуляторы бар адамдар денесінің жоғарғы жағын, іске
қосылып тұрған индукция арқылы пісіретін алаңдардан кем дегенде
30см биіктікте ұстауға тиіс.
Назарыңызда болсын!
Өрт шығу қаупі бар! Қатты ысып кеткен май не сұйық май жылдам тұтанып
кетуі мүмкін.
Дұрыс жұмыс істеу
Жұмыс істеп тұрған құрылғыны әрқашан бақылап отырыңыз.
Құрылғыны тек үйде тағам пісіру үшін ғана қолданыңыз!
Құрылғының үстін жұмыс алаңына не зат сақтайтын орынға
айналдырмаңыз.
Тез тұтанғыш заттар мен материалдарды, немесе балқығыш заттарды
(пластик не алюминийден жасалған) құрылғы үстіне немесе оған жақын
қоймаңыз.
Жақын розеткаларға құрылғыларды жалғаған кезде абай болыңыз.
Электр сымдарының бумасын құрылғыға немесе ыстық ыдыстарға
тигізбеңіз. Электр сымдарын шиеленістірмеңіз.
Құрылғы ақаулығының алдын алудың жолдары
Заттар немесе ыдыс-аяқтар пештің керамика бетіне құласа, оған зақым
келтіруі мүмкін.
Шойын, алюминийден жасалған, не түбіне нұқсан келген ыдыстарды
әрі-бері сырғытсаңыз, керамика бетке сызат түсуі мүмкін.
Ыдыстар мен керамика бетке нұқсан келмес үшін ыдыстарды ішіндегісі
әбден сарқылғанша қайнатпаңыз.
Пісіру алаңдарын еш ыдыссыз не бос ыдыс қойып пайдаланбаңыз.
Құрылғының ешбір жерін алюминий қаңылтырмен жаппаңыз.
Қауіпсіздік туралы мағлұматтар
3
Page view 2
1 2 3 4 5 6 7 8 ... 19 20

Comments to this Manuals

No comments