Aeg-Electrolux KB9820E-M User Manual Page 23

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 60
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 22
Пешті автоматты түрде өшіп қалған соң қайта пайдалану
Пешті толықтай ажыратыңыз. Оны қайтадан қосуға болады.
Пайдалану, кестелер мен ақыл-кеңес
Буға пісіру
Буға пісіру үшін пештің буға пісіру не интервал арқылы пісіру
функцияларын пайдаланыңыз.
Назарыңызда болсын!
Тағамды буға пісіру
барысында пеш есігін ешқашан ашпаңыз.
Сұйық зат ретінде тек суды ғана пайдалану керек!
Буға пісіруге арналған ыдыс-аяқ
Буға пісіру үшін қызуға төзімді және тот баспайтын заттан жасалған
ыдыс-аяқтарды пайдалануға болады.
Әсіресе, хром қосылған темір контейнерлер жарамды келеді(арнайы
керек-жарақтар тарауын қараңыз).
Пеш қатарлары
Төменгі кестеден пештің сай келетін қатарларын таба алсыз. Пештің
қатарлары төменнен жоғары қарай саналады.
Жалпылама ақпарат
Тағамды 30 минуттан артық уақыт пісірген жағдайда не көп мөлшердегі
тағамды пісірген кезде суды қажетінше толтырып отыруға болады.
Құрылғыны ұзақ уақыт пайдаланбасаңыз, су құйғышты, жалғастырғыш
түтікшелер мен бу генераторын сумен мұқият шайып тазалаңыз
(Тазалау және күтім көрсету тарауын қараңыз).
Буға пісіру және интервал арқылы пісіру кестесіне қатысты ақпарат
Бұл кестелер әдепкі тағам түрлерін пісіруге қажетті температура, пісіру
уақыты мен пеш қатарларын таңдау туралы ақпарат береді.
Температура мен пісіру уақыттары, пісірілетін тағамның құрамы мен
мөлшеріне, қолданылатын ыдыстың түрі мен санына байланысты
болғандықтан тек жалпылама ұсыныс ретінде ғана берілген.
Өз рецептіңіз бойынша пісіруге сай келер параметрлерді таппасаңыз,
соған неғұрлым ұқсас келетін параметрді іздеңіз.
Егер басқаша сипатталмаса, төмендегі берілген шамалар пісіру
жұмысы пеш суық тұрған кезде басталды деген есеппен берілген.
Буға пісіру
Буға пісіру
функциясы тағамның мұздаған не мұздамаған түрлерінің
барлығына сай келеді. Пісірудің бұл тәсілін тағамды пісіру, ысыту, жібіту
мен көкөністерді, ет пен балықты, макарон, күріш, тәтті жүгеріні, семолина
мен жұмыртқаны бәсең отқа пісіру не буға бұқтыру үшін пайдалануға
болады.
Толық ас мәзірін пісіру
Пайдалану, кестелер мен ақыл-кеңес
23
Page view 22
1 2 ... 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 ... 59 60

Comments to this Manuals

No comments