Aeg-Electrolux KB9820E-M User Manual Page 48

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 60
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 47
Назарыңызда болсын!
Қауіпсіздік мақсатында пешті бу не жоғарғы қысым құрылғыларымен
тазалауға болмайды.
Сақтандыру туралы ескерту!
Жеміргіш заттар не өткір құралдар мен қырғыштарды пайдаланбаңыз.
Сақтандыру туралы ескерту!
Шыныны тазалау үшін қандай да бір түрпілі, жылтыратқыш не өткір
металл қырғыштарды пайдаланбаңыз, себебі заттың бетіне түскен сызат
шыныны сындырып жіберуі мүмкін.
Пештің сырты
Құрылғының алдыңғы жағын сабынды жылы суға малынған жұмсақ
шүберекпен сүртіңіз.
Металл беттерді тазалау үшін сатудағы тазалағыш заттарды қолдануға
болады.
Аса жеміргіш не түрпілі заттарды пайдаланбаңыз.
Пештің ішкі жасақтамасы
Тазалау бағдарламасы
ТАЗАЛАУ функциясы "Бағдарламаланған функциялар мен рецептілер"
тарауында егжей-тегжейлі сипатталған.
Қолмен тазалау
Назарыңызда болсын!
Пешті тазаламас бұрын міндетті түрде суытып алу қажет.
Пешті әрбір қолданғаннан кейін тазалап отыру керек. Бұл кейін жануға
келмейтін, жинақталып қалған қоқысты тазалаудың ең жеңіл жолы.
1. Пеш есігі ашылған кезде, пешті жарықтандырғыш шам өздігінен
қосылады.
2. Әрбір қолданғаннан кейін пешті тазалағыш зат қосылған сумен
тазалап, содан кейін құрғатып отыру керек. Ешбір түрпілі
тазалағыштарды пайдаланбаңыз. Қажет болса, қалдықты ең алдымен
жібітіңіз не бумен пісіретін функцияны аз уақыт қосып қойыңыз.
Оңайшылықпен алынбайтын қалдықтарды арнайы тазалағыштармен
алыңыз.
Сақтандыру туралы ескерту!
Пешке арналған бүріккіштерді қолданған кезде оны өндірушінің
нұсқауларын мұқият сақтаңыз!
Қосымша жабдықтар
Кіріктірмелі бөлшектерді (гриль, кіріктірмелі жолдар т.б.) әрбір
пайдаланған сайын мұқият шайып тазалап әрі құрғатып отырыңыз.
Жақсылап тазалау үшін біраз уақыт сумен дымқылдап қойыңыз.
48
Тазалау мен қызмет көрсету
Page view 47
1 2 ... 43 44 45 46 47 48 49 50 51 52 53 ... 59 60

Comments to this Manuals

No comments