Aeg-Electrolux KB9820E-M User Manual Page 3

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 64
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 2
Пайдалануға қатысты нұсқаулар
Қауіпсіздікке қатысты ақпарат
Қауіпсіздікке қатысты маңызды нұсқаулар!
Мұқият оқып шығыңыз да келешекте пайдалану үшін сақтап қойыңыз!
Электр қауіпсіздігі
Бұл құрылғыны тек құрылғы орнатуға маманданған қызметкер ғана
электр желісіне қосуға тиіс .
Құрылғы ақаулыққа ұшырағанда не оған нұқсан келген жағдайда:
Сақтандырғыштарды алыңыз не өшіріп қойыңыз.
Жөндеу жұмыстары Осы құрылғыға қатысты жөндеу жұмыстарын тек
білікті қызмет көрсету мамандары ғана жүзеге асыруға тиіс . Дұрыс
жүзеге асырылмаған жөндеу жұмыстары елеулі ақаулықтарға әкеліп
соқтыруы мүмкін. Егер жөндеу жұмыстарын жүргізу қажет болса, біздің
тұтынушыларға қызмет көрсету орталығымызға не өз дилеріңізге
хабарласыңыз.
Бала қауіпсіздігі
Пеш жұмыс істеп тұрған кезде балаларды қараусыз қалдырмаңыз.
Пеш бала қауіпсіздігінің құралымен жабдықталған.
Пайдалану кезіндегі қауіпсіздік шарасы
Бұл құрылғыны тұрмыста тағам пісіру мен қуыру үшін ғана қолдану
керек.
Бұл құрылғының жанында орналасқан розеткаларға электр
құрылғыларын қосу барысында сақ болыңыз. Электр сымдары пештің
қызып тұрған есігінің астында қалып қоймауға тиіс.
Ескерту: Күйіп қалу қаупі бар! Пайдаланылып тұрған пештің іші ысып
тұрады.
Ескерту: Тағамды буға пісірген кезде пеш есігін ешқашан ашпаңыз.
Шығып кететін бу пеш құралдарына зиян келтіруі ықтимал. Шығатын бу
тура шарпымас үшін алыс тұрыңыз.
Құрамында алкоголь кездесетін қоспаларды пеш ішінде пайдаланған
кезде тез тұтанғыш алкоголь мен ауа қоспасы түзіледі. Бұндай
жағдайда есікті ашар кезде сақ болыңыз. Ашу барысында ешбір жылу,
от ұшқыны не ашық жалын тәрізді қауіп көздерімен жұмыс істемеу
керек.
Бұл құрылғыны физиологиялық, сезімдік не болмаса ақыл-ой деңгейіне
байланысты не пеш жұмысына қатысты тәжірибесі мен білімінің
аздығына байланысты пайдалана алмайтын адамдар (балаларды қоса
алғанда), пешті пайдалану туралы ерекше нұсқауларды алмайынша не
олардың қауіпсіздігіне ие адамның қадағалауынсыз пайдаланбауға
тиіс.
Қауіпсіздікке қатысты ақпарат
3
Page view 2
1 2 3 4 5 6 7 8 ... 63 64

Comments to this Manuals

No comments