Aeg-Electrolux KB9820E-M User Manual Page 50

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 64
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 49
Пештің сырты
Құрылғының алдыңғы жағын сабынды жылы суға малынған жұмсақ
шүберекпен сүртіңіз.
Металл беттерді тазалау үшін сатудағы тазалағыш заттарды қолдануға
болады.
Аса жеміргіш не түрпілі заттарды пайдаланбаңыз.
Пештің ішкі жасақтамасы
Тазалау бағдарламасы
ТАЗАЛАУ функциясы "Бағдарламаланған функциялар мен рецептілер"
тарауында егжей-тегжейлі сипатталған.
Қолмен тазалау
Назарыңызда болсын!
Пешті тазаламас бұрын міндетті түрде суытып алу қажет.
Пешті әрбір қолданғаннан кейін тазалап отыру керек. Бұл кейін жануға
келмейтін, жинақталып қалған қоқысты тазалаудың ең жеңіл жолы.
1. Пеш есігі ашылған кезде, пешті жарықтандырғыш шам өздігінен
қосылады.
2. Әрбір қолданғаннан кейін пешті тазалағыш зат қосылған сумен
тазалап, содан кейін құрғатып отыру керек. Ешбір түрпілі
тазалағыштарды пайдаланбаңыз. Қажет болса, қалдықты ең алдымен
жібітіңіз не бумен пісіретін функцияны аз уақыт қосып қойыңыз.
Оңайшылықпен алынбайтын қалдықтарды арнайы тазалағыштармен
алыңыз.
Сақтандыру туралы ескерту!
Пешке арналған бүріккіштерді қолданған кезде оны өндірушінің
нұсқауларын мұқият сақтаңыз!
Қосымша жабдықтар
Кіріктірмелі бөлшектерді (гриль, кіріктірмелі жолдар т.б.) әрбір
пайдаланған сайын мұқият шайып тазалап әрі құрғатып отырыңыз.
Жақсылап тазалау үшін біраз уақыт сумен дымқылдап қойыңыз.
Май сүзгісін орналастыру/алу
1. Май сүзгісін тазалағыш зат қосылған ыстық сумен не ыдыс жуғыш
машинада жуыңыз.
2. Егер күйіп кеткен қалдықты кетіру қажет болса, 2-3 ас қасық ыдыс
жуғыш зат қосылған суға салып бәсең отқа қайнатыңыз.
Кіріктірмелі жолдар
Оң жақ пен сол жақтағы қабырғаларды жуу үшін алыңыз.
50
Тазалау мен күтіп ұстау
Page view 49
1 2 ... 45 46 47 48 49 50 51 52 53 54 55 ... 63 64

Comments to this Manuals

No comments