Aeg-Electrolux L14950A User Manual Page 29

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 48
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 28
Қосымша кептіру
Кептіру циклі аяқталғаннан соң кір әлі де дымқыл күйде тұрса, қысқа
кептіру бағдарламасын қайта таңдаңыз.
Назарыңызда болсын!
Мата не киім құрысып не отырып қалмас үшін шамадан тыс кептіріп
жібермеңіз.
Күту менен тазалау
Тазалау не жөндеу жұмыстарын жүргізбес бұрын құрылғыны міндетті
түрде электр желісінен АЖЫРАТУ қажет.
Қақты тазалау
Пайдаланылатын судың құрамында әдетте әк болады. Су жұмсартқыш
ұнтақты машинада мезгіл-мезгіл пайдаланып отырған дұрыс. Мұны кір
жумай тұрған кезде, жұмсартқыш ұнтақты өндірушінің нұсқауларына
сәйкес орындаңыз. Бұл әк қағының жиналып қалуынан сақтайды.
Әрбір жуу циклы аяқталған соң
Есікті біраз уақыт ашып қойыңыз. Бұл құрылғының ішінде зең пайда
болуына не борсыған иіс шығуына жол бермейді. Әрбір жуу циклы
аяқталған соң құрылғының есігін ашық қалдыру есіктің тығыздағышын
қалыпты күйде сақтауға көмектеседі.
Тазалап жуу
Температурасы төмен бағдарламаларды пайдаланған кезде,
барабанның ішіне қалдық жиналуы мүмкін.
Машинаны тазалау мақсатында жуу бағдарламасын мезгіл-мезгіл
орындап отыруды ұсынамыз.
Машинаны тазалау мақсатында жуу үшін:
Барабанға ешбір кір салынбауға тиіс.
Ең ыстық суда мақта матаны жуатын бағдарламаны таңдаңыз.
Жуғыш затты қалыпты мөлшерде пайдаланыңыз, ол биологиялық
сипаттары бар ұнтақ болуға тиіс.
Сыртын тазалау
Құрылғының сыртын сабын сумен жуыңыз да, содан соң мұқият
құрғатыңыз.
Құрылғыны жуу үшін метил спирті, еріткіштер не сол сияқты заттарды
пайдалануға болмайды.
Жуғыш зат үлестіргіші
Жуғыш зат үлестіргіш қорапшасын мезгіл-мезгіл тазалап отыру қажет.
1. Жуғыш зат үлестіргіш қорапшасын тартып шығарып алыңыз.
Күту менен тазалау
29
Page view 28
1 2 ... 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 ... 47 48

Comments to this Manuals

No comments