Aeg-Electrolux L14950A User Manual Page 34

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 48
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 33
3. төтенше жағдайда су төгуге арналған түтіктің қақпақшасын жауып,
орнына қойыңыз да, таза су құятын түтікті орнына бұраңыз.
Осылайша машинаның ішінде қалып қоюы мүмкін суды ағызасыз да, мұз
қатып, құрылғының бүлінуіне жол бермейсіз.
Машинаны қайта іске қосарда, қоршаған орта температурасының 0°C
градустан жоғары екеніне көз жеткізіңіз.
Төтенше жағдайда суды төгу
Егер су төгілмесе, машинадағы суды ағызу үшін төмендегіні іске
асырыңыз:
1. ашаны розеткадан суырыңыз;
2. судың шүмегін жабыңыз;
3. қажет болса, су суығанша күтіңіз;
4. сорғының есігін ашыңыз;
5. шараны еденге қойыңыз да, төтенше жағдайда суды төгуге арналған
түтіктің ұшын соған салыңыз. Оның қақпағын алыңыз. Су шараға
гравитациялық екпінмен ағады. Шара толған кезде, түтіктің қақпағын
жабыңыз. Шарадағы суды төгіңіз. Бұл әрекетті судың ағуы тоқтағанша
қайталаңыз;
6. қажет болса сорғыны алдыңғы айтылған ретпен тазалаңыз;
7. төтенше жағдайда суды төгуге арналған түтікті орнына қойыңыз;
8. сорғыны қайтадан бұраңыз да, есікті жабыңыз.
Не істерсіңіз, егер...
Кейбір мәселелер қарапайым техникалық қызмет көрсетілмеуінен не
бақылаудың аздығынан пайда болатындықтан, оларды маманды арнайы
шақырмай шешуге болады. Жергілікті қызмет көрсету орталығына
хабарласпас бұрын төмендегілерді тексеріңіз.
Машина жұмыс істеп тұрғанда келесі түймешіктің сары индикаторы 7
жыпылықтауы мүмкін, бейнебетте төмендегі ескерту кодтарының бірі
пайда болып, дәл осы кезде 20 секунд сайын дыбыстық сигнал естіліп,
машинаның жұмыс істемей тұрғанын білдіреді:
: сумен жабдықтауға қатысты ақаулық
: су төгуге қатысты ақаулық
: есік ашық
: тасқынға қарсы құрал іске қосулы
Ақаулықты түзеткеннен кейін бағдарламаны қайта бастау үшін 7
түймешігін басыңыз. Егер осының бәрін тексергеннен кейін ақаулық
түзелмесе, жергілікті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
34
Не істерсіңіз, егер...
Page view 33
1 2 ... 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 ... 47 48

Comments to this Manuals

No comments