Aeg-Electrolux L14950A User Manual Page 4

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 48
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 3
ешқашан қоспаңыз. Құрылғы бөлшектері бүлінген жағдайда оны
сатушыға хабарласыңыз.
Құрылғы қыстың минус температуралы айларында жеткізілсе: Кір
жуғыш машинаны ең алғаш пайдаланбас бұрын бөлме
температурасында 24 сағат ұстаңыз.
Жалпы қауіпсіздік
Бұл өнім сипатына өзгеріс енгізу не өзгеріс енгізуге әрекеттену
қатерлі жағдайға ұшыратады.
Жоғарғы температурадағы жуу бағдарламаларын пайдаланған кезде
пеш есігінің шынысы қызып кетуі ықтимал. Оған қол тигізбеңіз!
Кішкентай балалар мен үй жануарларының барабанға кіруіне жол
бермеңіз. Бұның алдын алу үшін машинаны пайдаланбас бұрын
барабанның ішін тексеріп алыңыз.
Тиын, темір түйреуіш, шеге, бұранда шеге, тас не басқа да қатты,
өткір заттар шексіз зиян келтіретіндіктен оларды машинаға салмау
керек.
Мата жұмсартқыш пен жуғыш затты тек көрсетілген мөлшерде ғана
пайдаланыңыз. Бұл заттарды шамадан тыс көп мөлшерде пайдалану
матаға зиян келтіреді. Бұл заттарды қанша мөлшерде пайдалану
қажеттігін өндіруші нұсқаулығы бойынша анықтаңыз.
Нәски, бау, жууға келетін белбеу т.б ұсақ заттарды зат жууға
арналған дорбаға не жастық тысына салып жуыңыз, себебі мұндай
заттар машинаның сыртқы және ішкі барабандарының арасына түсіп
кетуі мүмкін.
Кір жуғыш машинаңызды қыл өткізілген киім-кешек, жиегі
көмкерілмеген не материалы жыртық заттарды жуу үшін
пайдаланбаңыз.
Пайдаланып, тазалап не машинаға күтім көрсетіп болған соң оны
әрқашан электр желісінен ағытып, суды тоқтатып қойыңыз.
Машинаны ешбір жағдайда өзіңіз жөндеуге әрекет жасамаңыз.
Тәжірибесіз адам жүргізген жөндеу жұмыстары адамды жарақаттап не
машинаны елеулі ақаулыққа ұшыратуы мүмкін. Жергілікті қызмет
көрсету орталығына хабарласыңыз. Әрқашан тек фирмалық
бөлшектерді ғана пайдалануды талап етіңіз.
Орнату
Бұл құрылғының салмағы ауыр. Оны жылжытқан кезде абай болыңыз.
Құрылғы орауышын ашқанда, оның еш жеріне нұқсан келмегенін
тексеріп алыңыз. Егер күмәндансаңыз, оны пайдаланбай тұрып
қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Пайдаланбас бұрын барлық орауыштары мен тасымалдау үшін
қолданылған құралдарын алуыңыз қажет. Бұл шара орындалмаған
жағдайда өнім мен басқа да меншігіңізге елеулі нұқсан келеді. Осы
пайдаланушы нұсқаулығындағы тиісті тарауды қараңыз.
Құрылғыны орнатып болған соң оның су құятын және кір суды
ағызатын түтігінің басылып қалмағанын, қорек сымының жұмыс алаңы
мен қабырға арасында қыстырылып қалмағанын тексеріп алыңыз.
4
Қауіпсіздік туралы мағлұматтар
Page view 3
1 2 3 4 5 6 7 8 9 ... 47 48

Comments to this Manuals

No comments