Aeg-Electrolux L14950A User Manual Page 5

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 48
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 4
Егер машина кілем төселген еденге қойылса, ауа машинаның
астыңғы жағында еркін айналу үшін оның сирақтарын бұрап лайықтап
қойыңыз.
Машинаны орнатқаннан кейін оның түтіктері мен оларды
жалғастырған жерлерден еш су ақпай тұрғандығын әрқашан тексеріп
отырыңыз.
Егер құрылғы мұздап қалатын жерге орналастырылса, "мұздап
қалудың салдары" тарауын оқыңыз.
Осы құрылғыны орнату барысында жүзеге асырылуға тиіс таза және
кір су құбырларына байланысты жұмыстардың барлығын кәсіпқой
сантехник не білікті адам орындауға тиіс.
Осы құрылғыны орнату барысында жүзеге асырылуға тиіс электр
саласына қатысты жұмыстардың барлығын кәсіпқой электрші не
білікті адам орындауға тиіс.
Пайдалану
Бұл құрылғы тек тұрмыста ғана пайдалануға арналған. Құрылғыны
басқа мақсатта пайдалануға болмайды.
Тек машинада жууға не кептіруге болатын матаны жуу не кептіру үшін
ғана пайдаланыңыз. Әр киімнің затбелгісіндегі нұсқауларды орындаңыз
Құрылғыға шамадан тыс жүк салмаңыз. Жуу бағдарламалары
кестесіне қараңыз.
Кір жууды бастамас бұрын барлық қалталардың бос екендігін
тексеріп, түймелер мен тартпалардың салынып тұрғандығын
тексеріңіз. Тозығы жеткен не жыртық заттарды жумаңыз, сыр, сия,
тот, шөп нілінен қалған дақтарды алдын ала кетіріңіз. Сым өткізілген
төс тартқыштарды машинада жууға БОЛМАЙДЫ.
Буланғыш мұнай өнімдеріне тиген киім-кешектерді кір жуғыш
машинада жууға болмайды. Буланатын тазартқыш сұйықтар
пайдаланылса, киімді машинаға салмай тұрып тазартқыш сұйықты
кетіріп алу қажет.
Кейбір үлкен төсек жапқыштар мен көрпелер коммерциялық мақсатта
шығарылған үлкен машиналарда жуылады/кептіріледі, сондықтан да
бұндай заттарды тұрмыста қолданылатын машинада жумас бұрын
оларды өндірушіге хабарласыңыз.
Құрылғыны пайдаланушылар киімдерде газ тұтатқыштардың (бір рет
қолданылатын не басқа)қалып қоймағанын әрқашан тексеріп алуға тиіс.
Құрғақтай тазалауға арналған сұйық тәрізді химиялық заттарға тиген
киімдерді ешқашан кептіргіш машинада кептірмеңіз. Бұндай заттар
тұтанғыш болғандықтан жарылып кетуі мүмкін. Кептіргіш машинада
тек суға жуылған не ауада кептіруді қажет ететін заттарды ғана
кептіріңіз.
Кептіру циклі кезінде пластик жуғыш зат үлестіргішті барабан ішінде
қалдырмаңыз, себебі бұл қызуға төтеп бере алмайтын пластик заттан
жасалынған. Егер жуу-арқылы-кептіргіңіз келсе жуғыш затты
үлестіргіштің қалыпты суырмасын пайдаланыңыз.
Ашаны розеткадан қорек сымынан тартып ағытпаңыз; әрқашан
ашаның өзінен ұстап тартыңыз.
Қауіпсіздік туралы мағлұматтар
5
Page view 4
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 ... 47 48

Comments to this Manuals

No comments