Aeg-Electrolux L14950A User Manual Page 6

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 48
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 5
Қорек сымы, басқару панелі, жұмыс алаңы не түбіне нұқсан келіп, ішкі
жағы ашық қалған құрылғыны ешқашан пайдаланбаңыз.
Балалар қауіпсіздігі
Дене, жүйке не болмаса ақыл-ой кемістігі бар, немесе осы құрылғыны
қауіпсіз пайдалану үшін тәжірибесі мен білімі жеткіліксіз адамның
(соның ішінде балалардың) қауіпсіздігі үшін жауап беретін адам
қадағаламаса немесе құрылғыны пайдалану бойынша нұсқау
бермесе, олардың бұл құрылғыны қолдануына болмайды.
Орам материалдары (мысалы, пластик таспа, полистирол) балалар
үшін қауіпті болуы мүмкін – тұншығып қалу қаупі бар! Оларды
балалардың қолы жетпейтін жерде ұстаңыз.
Барлық жуғыш заттарды балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.
Балалар мен үй жануарларының
барабанға кіруіне жол бермеңіз.
Балалар мен үй жануарлары
барабанның ішіне кіріп қамалып
қалмас үшін машина арнайы
функциямен жабдықталған. Бұл
құралды іске қосу үшін есіктің ішкі
жағындағы түймешікті ойығы
көлденең қалыпқа келгенше сағат
тілінің бағытымен бұраңыз
(баспаңыз). Қажет болса шақаны
пайдаланыңыз. Бұл құралды
ажыратып, есікті қайтадан жабылатындай қалыпқа келтіру үшін,
түймешікті ойығы тік қалыпқа келгенше сағат тілінің бағытына қарсы
бұраңыз.
БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ
Сіздің жаңа құрылғыңыз суды, электр қуаты мен тазартқыш затты аз
тұтына отырып, кірді сапалы жуудың барлық қазіргі заманғы
талаптарына сай келеді.
Машинаның NEW JET жүйесі жуғыш затты толық пайдалануға, суды аз
жұмсауға, сөйтіп тұтынылатын электр қуатын үнемдеуге мүмкіндік береді.
6
Бұйым сипаттамасы
Page view 5
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 ... 47 48

Comments to this Manuals

No comments