Aeg-Electrolux L14950A User Manual Page 14

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 52
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 13
Функцияларды жуу бағдарламасын орнатып болғаннан кейін, 7 түймешігін
баспай тұрып таңдаңыз. 5 түймешігін басыңыз: бейнебетте барлық
функциялардың түймешіктері пайда болады.
Бар функцияларды қарап шығу үшін 5 түймешігін басыңыз. Бейнебетте
тиісті белгіше пайда болады да, жыпылықтай бастайды.
Таңдалған функцияны іске қосу және растау үшін 6 түймешігін басыңыз.
Таңдалған белгішенің астында қара жолақ пайда болады да, осы
функцияның таңдалғанын көрсетеді. Функцияны ажырату үшін сол
түймешікті басыңыз.
Функцияларды таңдап болған соң бейнебет әдепкі күйге оралғанша
бірнеше секунд күтіңіз. Бейнебетте таңдалған параметрлер пайда
болады.
Функциялар мен жуу бағдарламаларының өзара үйлесімділігі туралы
ақпаратты «Жуу бағдарламалары» тарауынан қараңыз.
АЛДЫН АЛА ЖУУ параметрі
Бұл параметрді кірді негізгі жуу бағдарламасы арқылы жуардың алдында,
30°C температурада алдын ала жуғыңыз келсе таңдаңыз. Алдын ала жуу
циклы мақта мата мен синтетикаға арналған бағдарламаларда
барабанның қысқа айналуымен аяқталса, нәзік матаға арналған
бағдарламаларда су тек төгіледі.
Бейнебетте тиісті белгіше пайда болады.
Бұл функциян қатты кірлеген заттарды жуу үшін ұсынылады.
ДАҚ КЕТІРУ функциясы
Бұл параметрді аса қатты кірлеген не дақ түскен кірді дақ кетіргіш
құралмен жуу үшін (дақ кетіру циклы бар ұзартылған негізгі жуу циклы)
таңдаңыз. Бейнебетте тиісті белгіше пайда болады.
Бұл параметрді 40°C градустан төмен температурада қолдану мүмкін
емес.
Егер бағдарламаны дақ кетіру параметрімен бірге орындағыңыз келсе,
дақ кетіргіш құрал қорапшасына дақ кетіргіштен салыңыз
.
НӘЗІК МАТА функциясы
Бұл функцияны таңдаған кезде жуу қарқыны төмендейді. Машина мақта
мата және синтетика бағдарламаларына бір шаю кезеңін қосады.
Бейнебетте тиісті белгіше пайда болады.
Бұл функцияны қосымша шаю параметрімен бірге таңдау мүмкін емес.
Бұл функция бояуы оңғыш матадан тігілген және жиі жуылатын заттар
үшін ұсынылады.
КҮНДЕЛІКТІ параметрі
Бұл функцияны таңдау арқылы күнделікті жуылатын кірді жуу
бағдарламасының ұзақтығын өзгерте аласыз.
Бейнебетте тиісті белгіше және жуу уақытының азайтылған мәні
көрсетіледі.
Күнделікті кірлейтін заттарды жуу үшін қолданылады.
14 Әркүндік қолдану
Page view 13
1 2 ... 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 ... 51 52

Comments to this Manuals

No comments