Aeg-Electrolux L14950A User Manual Page 15

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 52
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 14
АСА ЖЫЛДАМ параметрі
Бұл функцияны таңдау арқылы шамалы ластанған кірді жуу
бағдарламасының ұзақтығын өзгерте аласыз.
Бейнебетте тиісті белгіше және жуу уақытының азайтылған мәні
көрсетіледі. Тек шамалы ластанған кір үшін қолдануға арналған.
Машинаға кірді азырақ салуды ұсынамыз.
ҚОСЫМША ШАЮ параметрі (қосымша шаю)
Бұл құрылғы суды үнемдеу үшін жасалған. Дегенмен, терісі өте сезімтал
(жуғыш затқа аллергиясы бар) адамдар үшін кірді қосымша сумен шаю
(қосымша шаю) қажет болуы мүмкін. Бейнебетте тиісті белгіше пайда
болады да, таңдалған бағдарламаға осы функция қосылады.
Осы функция үнемі жұмыс істеп тұруы үшін 2 және 3 түймешіктерін
бірнеше секунд басыңыз: бейнебетте тиісті белгіше пайда болады. Бұл
функцияны ажыратқыңыз келсе, осы түймешіктерді белгіше көрінбей
кеткенше басыңыз.
БАСТАУ/ҮЗІЛІС функциясын таңдау (7 түймешігі)
Таңдалған бағдарламаны бастау үшін 7 түймешігін басыңыз, тиісті қызыл
индикатор жыпылықтауын тоқтатады.
Бейнебетте ЕСІК белгішесі пайда болып, құрылғының жұмыс істей
бастағанын және есіктің бұғатталғанын білдіреді.
Орындалып тұрған бағдарламаны үзу үшін 7 түймешігін басыңыз: тиісті
қызыл индикатор жыпылықтай бастайды.
Бағдарламаны үзілген жерінен әрі қарай жалғастыру үшін 7 түймешігін
қайтадан басыңыз. Кешіктіріп бастау функциясы таңдалған жағдайда, кері
санақ басталады.
Қате функция таңдалған жағдайда, 7 түймешігінің сары индикаторы 3 рет
жыпылықтайды да, бейнебетте Err жазуы бірнеше секунд көрсетіледі.
КЕШІКТІРІП БАСТАУ функциясын таңдау (8 түймешігі)
Бейнебетте тиісті белгіше пайда болады. Бағдарламаны осы түймешік
арқылы 30 мин - 60 мин - 90 мин, 2 сағат, содан кейін 1 сағаттан қоса
отырып, ең көбі 20 сағатқа дейін кешіктіруге болады.
Бағдарламаны бастамай тұрып, оны кешіктіріп бастағыңыз келсе, қажетті
кешіктіріп бастау уақытын таңдау үшін осы түймешікті қайта-қайта
басыңыз.
Таңдалған кешіктіріп бастау уақытының мәні бейнебетте 3 секундтай
көрсетіледі де, бағдарлама ұзақтығы қайтадан пайда болады. Бейнебетте
тиісті белгіше пайда болады.
Бұл параметрді бағдарламаны орнатып болғаннан кейін келесі түймешікті
баспай тұрып таңдаңыз: 7.
Кешіктіріп бастау уақытын келесі түймешікті баспай тұрып кез келген
уақытта өзгертуге не жоюға болады: 7.
Кешіктіріп бастау уақыты аяқталғанша есік бұғаттаулы тұрады. Кешіктіріп
бастау функциясы орындалып тұрғанда машинаға қосымша кір салғыңыз
келсе, 7 түймешігін басып, машинаны кідірте тұрыңыз. Есік белгішесі
Әркүндік қолдану
15
Page view 14
1 2 ... 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 ... 51 52

Comments to this Manuals

No comments