Aeg-Electrolux L14950A User Manual Page 27

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 52
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 26
Перделерді ерекше баппен тазалаңыз. Ілгектерін алыңыз не болмаса
қалта не торға салып буыңыз.
Дақтарды кетіру
Оңай кетпейтін дақтарды тек су мен жуғыш зат арқылы кетіре алмауыңыз
мүмкін. Сондықтан да бұндай дақтарды кірді жумай тұрып кетіріп алған
дұрыс.
Қан: жаңа түскен дақты суық сумен жуыңыз. Кеуіп кеткен дақтарды арнайы
жуғыш зат салынған суға салып түні бойы жібітіңіз де, содан соң сабынды
суға салып ысқылаңыз.
Майлы сырдан қалған дақ: дақ кетіргіш бензинмен жібітіңіз де, киімді
жұмсақ матаның үстіне қойып, дақты сіңіріп алыңыз; осыны бірнеше рет
қайталаңыз.
Кеуіп қалған май дақтары:скипидармен жібітіңіз де, киімді жұмсақ заттың
үстіне қойып, мақтадан жасалған матаны даққа қойып, оны
саусағыңыздың ұшымен басып сіңіріп алыңыз.
Тот:ыстық суға ерітілген қымыздық қышқылы не суықтай пайдаланылатын
тот кетіргіш зат. Көнерген тот дақтарын тазалағанда абай болыңыз, себебі
талшық құрылымына әлдеқашан нұқсан келгендіктен мата тесіліп кетуге
бейім тұрады.
Зең дақтары:ағартқышпен сүртіңіз де мұқият шайыңыз (ақ не бояуы тез
шығатын түсті киімдер үшін ғана).
Шөп нілі: аздап ғана сабындап ағартқышпен сүртіңіз(ақ не бояу тез
шығатын түсті киімдер үшін ғана).
Шарикті қалам не желім: ацетонмен жібітіңіз
1)
, киімді жұмсақ матаның
үстіне қойып, дақты сіңіріп алыңыз;
Далап: жоғарыда көрсетілгендей ацетонмен жібітіңіз де, содан соң дақты
этил спиртімен сүртіңіз. Кез келген қалып қойған дақты ағартқышпен
сүртіңіз.
Қызыл шарап:жуғыш зат салынған суға жібітіңіз де, сірке не лимон
қышқылымен сүртіңіз, содан соң шайыңыз. Кез келген қалып қойған дақты
ағартқышпен сүртіңіз.
Сия: сияның түріне қарай алдымен матаны ацетонмен
1)
, содан соң сірке
қышқылымен жібітіңіз; ақ матада қалып қойған кез келген дақты
ағартқышпен сүртіңіз де, содан соң мұқият шайыңыз.
Шайыр дақтары: алдымен дақ кетіргіш, этил спирті не бензинмен сүртіңіз,
содан соң жуғыш қоймалжыңмен ысқылаңыз.
Жуғыш заттар мен қоспалар
Жуған кезде жақсы нәтижеге жету сондай-ақ, жуғыш затты дұрыс таңдап
алу, оны босқа ысыраптамай және қоршаған ортаға зиян келтірмейтіндей
тиісті мөлшерде пайдалануға да байланысты.
Сонымен қатар сіңіп кететін заттардың құрамында, мөлшері шамадан тыс
көп болған жағдайда табиғаттың үйлесімін бұзуы мүмкін заттар кездеседі.
Жуғыш затты таңдау матаның түріне(нәзік мата, жүн тоқыма, мақта мата
т.б.),түсіне, жуу температурасына және қаншалықты кірленгендігіне
байланысты болады.
1) жасанды жібекті тазалауға ацетонды пайдаланбаңыз
Пайдалы нұсқаулар менен кеңестер 27
Page view 26
1 2 ... 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 ... 51 52

Comments to this Manuals

No comments