ПЕШТІҢ ҮСТІ - ПАЙДАЛЫ АҚЫЛ-КЕҢЕС
Индукция арқылы пісіретін алаңға арналған ыдыстар
Индукция арқылы пісірген кезде қуатты электромагнитті өріс, қас-қағым сəтте ыдыс
ішінде қызу пайда болдырады.
Ыдыстың материалы
• жарамды: шойын, болат, эмальмен қапталған болат, тот баспайтын болат, түбі көп
қабатты материалдан жасалған (өндіруші жарамды деп белгі салған).
• жарамсыз: алюминий, мыс, жез, шыны, керамика, фарфор.
Ыдыс индукция арқылы пісіретін алаң үшін жарамды
деп саналады, егер…
• ... жоғары қызу деңгейіне қойылған алаңға, аздаған су құйылған ыдыс қойылғанда
тез қайнап кетсе.
• ... ыдыстың түбіне магнит жабысып қалса.
Ыдыстың түбі барынша қалың, əрі мүмкіндігінше тегіс болуға тиіс.
Ыдыстың өлшемдері: индукция арқылы пісіретін алаңдар, белгілі бір деңгейге дейін
ыдыс түбінің өлшеміне бейімделе алады. Дегенмен, ыдыс түбінің магнитті бөлігінің
диаметрі, пісіру алаңының диаметрінің кем дегенде 3/4 мөлшеріне сай болуға тиіс.
Жұмыс кезіндегі шуыл түрлері
Егер төмендегі шуылдарды естісеңіз
• шытыр-шытыр еткен дыбыс: ыдыс əртүрлі материалдардан жасалған(Сэндвич
құрылымды).
• ысқырған дыбыс: бір немесе бірнеше пісіру алаңдарын жоғары қуатқа қойып
пайдаланудасыз жəне ыдыстар əр түрлі материалдардан жасалған(Сэндвич
құрылымды).
• ызылдаған дыбыс: жоғары қуат деңгейлерін қолданудасыз.
• сырт-сырт еткен дыбыс: электр қосылып кетеді.
• ысылдау, ызыңдау: желдеткіш қосылып
тұр.
Бұл қалыпты шуылдар жəне бұл құрылғыда ақау бар дегенді білдірмейді.
Қуатты үнемдеу
• Мүмкін болса, ыдыстардың қақпақтарын əрқашан жауып отырыңыз.
• Пісіру алаңын ыдысты үстіне қойғаннан кейін ғана іске қосыңыз.
Тамақ пісіру үлгілері
Кестедегі деректер тек бағдар ретінде беріледі.
12
Пештің үсті - Пайдалы ақыл-кеңес
Comments to this Manuals