Aeg-Electrolux B5731-5-M User Manual Page 4

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 40
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 3
Құрылғыны орнатар алдында ашасының розеткадан ағытылғанын
тексеріңіз.
Бұл құрылғының салмағы ауыр. Оны жылжытқан кезде абай болыңыз.
Әрқашан қорғаныс қолғабын киіңіз. Құрылғыны ешқашан тұтқасынан
тартпаңыз.
Құрылғыда ішкі электрлік қондырғы болуға тиіс, ол құрылғыны барлық
магниттік полюстерде ені кем дегенде 3 мм түйіспелі саңылаудың
көмегімен желіден ажыратуға мүмкіндік береді.
Сізде дұрыс оқшаулағыш құралдар болуға тиіс: желіні қорғайтын
ажыратқыштар, сақтандырғыштар (ұстатқыштан алынған бұрандалы
сақтандырғыштар), жерге тұйықталудан қорғау тетіктері мен
тұйықтағыштар.
Құрылғының үсті мен жан-жағын қоршаған құрылмалардың қауіпсіз
болуын қамтамасыз етіңіз.
Басқа аспаптармен және құрылғылармен арада ең кіші қашықтықты
сақтаңыз!
Бұл құрылғыны тағанның үстіне орнатуға болмайды.
Кіріктірілген пештер мен пештің үсті арнаулы қосылым жүйесімен
жабдықталған. Қауіпсіздік мақсатында тек бір өндіруші шығарған
құрылғыларды бірге пайдалану керек.
Электр қосылымы
Құрылғыны міндетті түрде жерге қосу қажет.
Техникалық ақпарат тақтайшасындағы электр параметрлерінің электр
желісіндегі параметрлерге сай келетініне көз жеткізіңіз.
Кернеу туралы ақпарат техникалық ақпарат тақтайшасында
көрсетілген.
Әрқашан дұрыс орнатылған, электр қатерінен сақтандырылған
розетканы қолданыңыз.
Электр құрылғыларын розеткаларға қосқан кезде, қорек сымдарын
құрылғының ыстық есігіне тигізбеңіз немесе жақындатпаңыз.
Көп істікшелі ашаларды, жалғастырғыштар мен ұзартқыш сымдарды
қолданбаңыз. Өрт шығу қаупі бар.
Қорек сымын ауыстырмаңыз немесе өзгертпеңіз. Қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
Құрылғының арт жағындағы электр ашасы (егер қолданылса) мен қорек
сымының жаншылып немесе бүлініп қалмағанына көз жеткізіңіз.
Орнатып болғаннан кейін электр розеткасының қол жететін жерде
тұрғанына көз жеткізіңіз.
Құрылғыны ажырату үшін қорек сымынан тартпаңыз. Әрқашан
ашасынан (егер болса) тартып ажыратыңыз.
Қолданылуы
Бұл тек үйде қолдануға арналған құрылғы. Құрылғыны коммерциялық
немесе өндірістік мақсатта қолданбаңыз.
Құрылғыны тек үйде тамақ пісіру үшін ғана пайдаланыңыз. Бұл
адамның жарақаттануына немесе мүлікке зиян келуіне жол бермеу үшін
қажет.
4
Қауіпсіздік туралы мағлұматтар
Page view 3
1 2 3 4 5 6 7 8 9 ... 39 40

Comments to this Manuals

No comments