Aeg-Electrolux E4101-7-W User Manual Page 29

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 36
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 28
Сақтандыру туралы ескерту!
Жеміргіш немесе түрпілі тазалағыш заттарды, өткір құралдарды, дақ
кетіргіштер немесе түрпілі жөкелерді қолданбаңыз.
Назарыңызда болсын!
Шыны есікті жеміргіш заттармен немесе металл қырғышпен тазаламаңыз.
Ішкі шыны панель бетінің қызуға төзімділігі төмендеуі мүмкін.
Сақтандыру туралы ескерту!
Пеш бүріккішін қолдансаңыз, оны өндірушінің нұсқауларын орындаңыз.
Құрылғының алдыңғы жағын сабын мен ыстық суды пайдаланып,
жұмсақ шүберекпен сүртіңіз.
Құрылғының металл беттерін әдетте қолданылатын жуғыш заттармен
тазалаңыз
Пештің ішін әр пайдаланып болған сайын тазалап отырыңыз.
Осылайша ластықты оңай тазалайсыз, әрі күйіп кетуіне жол бермейсіз.
Оңай тазаланбайтын қалдықтарды арнайы пеш тазалағыштармен
тазалаңыз.
Пештің керек-жарақтарының (жуғыш зат қосылған жылы суға
батырылған шүберекпен) бәрін әр пайдаланып болған сайын
тазалаңыз.
Пештің керек-жарағына ластық тұрмайтын болса, жеміргіш затпен,
өткір қырлы құралмен тазаламаңыз немесе ыдыс жуғыш машинада
жумаңыз. Бұл оның ластық тұрмайтын қаптамасын бүлдіреді!
Тұмшапештің төбесі
Тұмшапештің төбесін оңай тазалау үшін, тұмшапештің төбесіндегі
қыздырғыш элементті төмен жиып қоюға болады.
Назарыңызда болсын!
Қыздырғыш элементті құрылғыны өшіргеннен кейін ғана төмен жию керек.
Құрылғының суығанына көз жеткізіп алыңыз.
Күйіп қалу қаупі бар!
Қыздырғыш элементті төмен қайыру
1. Сөренің сырғытпа жолдарын
алыңыз.
2. Қыздырғыш элементті екі қолдап
алдыңғы жағынан ұстаңыз
3. Оны серіппенің серпіліс күшіне
қарсы алға қарай тартыңыз да, екі
жағындағы тірегіштерімен қоса
алыңыз.
4. Қыздырғыш элемент төмен қарай
қайырылады.
Тұмшапештің төбесі тазалауға
дайын тұр.
Күту менен тазалау
29
Page view 28
1 2 ... 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36

Comments to this Manuals

No comments