Aeg-Electrolux F88030VIP User Manual Page 15

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 72
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 14
МУЛЬТИ ТАБ ФУНКЦИЯСЫ
Multitab функциясы құрама жуғыш таблеткаларға арналған.
Бұл таблеткалардың құрамында жуғыш зат, шайғыш зат және ыдыс
жуғыш машинаға арналған тұз бар. Кейбір таблеткаларда басқа да
жуғыш заттар болады.
Бұндай таблеткалардың жергілікті судың кермектігіне сай келетін-
келмейтінін тексеру қажет. Өндірушінің нұсқауларын қараңыз.
Multitab функциясын орнатсаңыз, қайта өшіргенше қосулы тұрады.
Multitab функциясы шайғыш зат пен тұзды ағызбай тоқтатып тастайды.
Multitab функциясы шайғыш зат пен тұз индикаторларын сөндіреді.
Multitab функциясын қолданғанда, бағдарлама уақыты ұзарады.
Multitab функциясын жуу бағдарламасын бастамай тұрып қосыңыз.
Бағдарлама жұмыс істеп тұрған кезде, multitab функциясын қоса
алмайсыз.
Multitab функциясын қосу үшін:
Multitab түймешігін басыңыз. Multitab индикаторы жанады.
Multitab функциясын өшіріп, жуғыш зат, шайғыш зат пен тұзды жеке-
жеке пайдалану үшін:
1. Multitab түймешігін басыңыз. Multitab индикаторы сөнеді.
2. Тұз сауыты мен шайғыш зат үлестіргішін толтырыңыз.
3. Су кермектігін ең үлкен мәнге қойыңыз.
4. Жуу бағдарламасын ыдыс салмастан орындаңыз.
5. Су жұмсартқышты өзіңіз тұратын жердегі судың кермектігіне
лайықтап қойыңыз.
6. Шайғыш затты үлестіру мөлшерін белгілеңіз.
АС ҚҰРАЛДАРЫ МЕНЕН ЫДЫС-АЯҚТЫ САЛУS
'Құрылғыны толтыру ProClean тәсілдері' тарауын қараңыз.
Ақыл-кеңес
Құрылғыны су сіңіретін заттарды (мысалы, жөке, ас үй майлық-
сулықтары) жуу үшін қолданбаңыз.
Ас құралдары мен ыдыс-аяқтарды салардың алдында, мына
әрекеттерді орындаңыз:
Тағам қалдықтарын алыңыз.
Табаға күйіп, жабысып қалған тағам қалдықтарын жұмсартыңыз.
Ас құралдары мен ыдыс-аяқтарды төменде көрсетілгендей салыңыз:
Шұңғыл ыдыстардың (мысалы, кесе, стакан және кәстрөл)
ауыздарын төмен қаратып салыңыз.
Сауыт немесе терең ыдыстарды, ішіне су жиналмайтын етіп
орналастырыңыз.
Мульти таб функциясы
15
Page view 14
1 2 ... 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 ... 71 72

Comments to this Manuals

No comments