Aeg-Electrolux L70260TL User Manual Page 44

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 88
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 43
Қақпақты құрылғы тоқтағаннан кейін
2 минуттан кейін аша аласыз. Есік
құлпының белгісі сөнеді.
Құрылғыны сөндіру үшін
1
түймешігін басыңыз. Бағдарлама
аяқталғаннан кейін бес минут
өткеннен кейін, AUTO OFF
функциясы құрылғыны автоматты
түрде сөндіреді.
Құрылғыны қайта іске
қосқанда, бейнебетте соңғы
орнатылған бағдарламаның
аяқталуы көрсетіледі. Жаңа
циклді орнату үшін бағдарлама
тетігін бұраңыз.
Құрылғыдан кірді алыңыз.
Барабанның бос екеніне көз
жеткізіңіз.
Зең және иіс пайда болмас үшін
есікті сәл ашып қойыңыз.
Судың шүмегін жабыңыз.
Жуу бағдарламасы аяқталған, бірақ
'Шаюды кідірту' функциясы қосулы:
Кір мыжылып қалмас үшін барабан
мезгіл-мезгіл айналып тұрады.
Есік құлыпталып тұр.
Есікті ашу үшін суды төгу керек.
Суды төгу үшін:
1.
Қажет болса, айналдыру
жылдамдығын азайтыңыз.
2.
"Бастау/Үзіліс" түймешігін
4
басыңыз. Құрылғы суды төгеді де,
айналдыру кезеңін орындайды.
3.
Бағдарлама аяқталып, есік
құлпының белгісі көрінбей
кеткенде есікті ашуыңызға
болады.
4.
Құрылғыны сөндіріңіз.
Құрылғы шамамен 18 сағаттан
кейін суды автоматты түрде
төгеді және айналдырады.
10. ПАЙДАЛЫ НҰСҚАУЛАР МЕНЕН КЕҢЕСТЕР
10.1 Кір салу
Кірді былай сұрыптаңыз: ақ, түрлі-
түсті, синтетика, нәзік және жүн
мата.
Кірдің затбелгісіндегі жуу
нұсқауларын орындаңыз.
Ақ және түрлі-түсті заттарды бірге
жумаңыз.
Кейбір түрлі-түсті заттарды алғаш
жуғанда бояуы шығуы мүмкін.
Оларды алғаш жуғанда бөлек жууға
кеңес береміз.
Жастық қаптарының түймесін
салып, тартпаларды тартып жауып,
ілгектер мен батырма түймешіктерді
салыңыз. Белбеулерді байлаңыз.
Қалталарды босатып, оралған
заттарды ашыңыз.
Көп қабатты матадан жасалған, жүн
матадан жасалған немесе сурет
салынған киімдердің астарын
сыртына аударыңыз.
Қатты дақтарды кетіріңіз.
Өте кір дақтарды арнайы жуғыш
затпен жуыңыз.
Перделерді абайлап жуыңыз.
Ілгектерін алыңыз немесе
перделерді кір жуатын торға немесе
жастықтың тысына салыңыз.
Құрылғыны келесі заттарды жуу
үшін пайдаланбаңыз:
Жиегі көмкерілмеген немесе
жыртығы бар заттарды жумаңыз
Сым өткізілген төс тартқыштарды.
Ұсақ заттарды кі жуатын торға
салып жуыңыз.
Кір өте аз салынса, айналдыру циклі
кезінде теңгерімді сақтауға қатысты
мәселе орын алуы мүмкін. Бұндай
жағдай орын алса, барабандағы
кірді қолмен таратып, қайта
айналдыра бастаңыз.
10.2 Оңай кетпейтін дақтар
Кейбір дақтарды кетіру үшін су мен
жуғыш зат жеткіліксіз болады.
Бұндай дақтарды кірді құрылғыға
салмай тұрып тазалауды ұсынамыз.
Дақ кетіретін арнайы құралдар
болады. Дақ пен матаның түріне сай
44
www.aeg.com
Page view 43
1 2 ... 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 49 ... 87 88

Comments to this Manuals

No comments