Aeg-Electrolux 30045VA-WN User Manual Page 4

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 56
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 3
Құрылғының бетіне сызат түссе, электр тоғының қатеріне ұшырамас
үшін оны ажыратып қойыңыз.
Ыдыстар мен керамика бетке нұқсан келмес үшін ыдыстарды
ішіндегісі әбден сарқылғанша қайнатпаңыз.
Пісіру алаңдарын еш ыдыссыз не бос ыдыс қойып пайдаланбаңыз.
Пештің эмаль қаптамасының түсінің өзгеруі, құрылғы жұмысына әсер
етпейді. Бұл кепілдікті заңды күшінен айырмайды.
Құрылғының есігін күш салып баспаңыз.
Құрылғы іске қосылып тұрғанда, оның іші ысып кетеді. Күйіп қалу
қатері бар. Керек-жарақтар мен кәстрөлдерді алып не салып жатқанда
қолғап киіңіз.
Іске қосылып тұрған құрылғының есігін ашатын кезде (әсіресе бумен
пісірген кезде) әрқашан артқа шегініңіз. Бұлай істегенде жиналып
қалған бу немесе қызу сыртқа шығады.
Құрылғының сырлы қаптамасы бүлініп қалмас үшін:
құрылғының табанына ешбір затты тура қоймаңыз және оны
алюминий фольгамен жаппаңыз
Ыстық суды құрылғының ішіне тура қоймаңыз
тағам пісіруді аяқтағаннан кейін су ыдыстарды және тағамды
құрылғының ішінде ұстамаңыз.
Бұл пешті суға тиіп тұрса пайдаланбаңыз. Пешті су қолмен іске
қоспаңыз.
Су ыдыстар мен пісірілген тағамдарды құрылғының ішінде ұстамаңыз,
себебі бу құрылғының сырлы қаптамасын бүлдіреді немесе құрам
бөліктерінің ішіне кіріп кетеді.
Тез тұтанғыш сұйықтар мен материалдарды, немесе балқығыш
заттарды (пластик не алюминийден жасалған) құрылғы үстіне немесе
оған жақын қоймаңыз.
Тек қызуға төзімді керек-жарақтарды ғана пештің астындағы суырмаға
салған дұрыс. Суырмаға тұтанғыш материалдарды салмаңыз.
Пеш қуысындағы ауа айналымын қамтамасыз ету үшін пештің арт
жағының орта шегінде орналасқан саңылаудың бітеліп не далдада
қалмағанын әрқашан тексеріңіз.
Күтім көрсету және тазалау
Жөндеу жұмысын жүргізбей тұрып, құрылғыны сөндіріп, ашаны
розеткадан ағытып алыңыз. Құрылғының суығанына көз жеткізіп
алыңыз.
Құрылғыны әрқашан таза ұстаңыз. Пеште жиналып қалған май не
тағам қалдықтары өрт қатерін тудыруы мүмкін.
Құрылғының бетін жиі-жиі тазалап тұру, оны сыны кетіп сапасы
түсуден сақтайды.
Құрылғыны тазалау үшін тек су мен сабынды пайдаланыңыз. Өткір
заттар, түрпілі тазалағыш құралдар, жеміргіш жөкелер мен дақ
кетіргіштер құрылғыға нұқсан келтіреді.
Құрылғыны бу бүріккішпен немесе жоғары қысым арқылы тазалайтын
құралмен тазаламаңыз.
4
Қауіпсіздік туралы мағлұматтар
Page view 3
1 2 3 4 5 6 7 8 9 ... 55 56

Comments to this Manuals

No comments