Aeg-Electrolux F88002VI0P User Manual Page 34

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 76
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 33
Құрылғыны іске қосыңыз. Құрылғы келесі жағдайда параметрлерді орнату режимінде
тұрады:
Бейнебетте екі көлденең қалып-күй жолағы пайда болса.
Құрылғыны іске қосыңыз. Құрылғы келесі жағдайда параметрлерді орнату режимінде
тұрмайды.
Бейнебетте жуу бағдарламасының немесе кешіктіріп бастау циклінің уақыты
көрсетіледі.
Параметрлерді орнату режиміне қайту үшін жуу бағдарламасын немесе кешіктіріп
бастау функциясын біржола тоқтату керек. 'Жуу бағдарламасын таңдау және
бастау' тарауын қараңыз.
Дыбыстық сигналдар
Дыбыстық сигналдар келесі жағдайда естіледі:
Жуу бағдарламасы аяқталғанда.
Су жұмсартқыштың деңгейі электрондық тәсілмен бапталғанда.
Құрылғыда ақау бар кезде.
Зауытта орнатылған параметр: қосулы.
Дыбыстық сигналдарды сөндіру
1. Құрылғыны іске қосыңыз.
2. Құрылғының параметрлерді орнату режимінде тұрғанына көз жеткізіңіз.
3. (4) және (5) сенсорлық түймешігін, (3), (4) және (5) сенсорлық түймешіктерінің
индикаторлары жыпылықтағанша қатар басып ұстап тұрыңыз.
4. (4) және (5) сенсорлық түймешігін босатыңыз.
5. (5) сенсорлық түймешігін басыңыз,
(3) және (4) сенсорлық түймешіктерінің индикаторлары сөнеді.
(5) сенсорлық түймешігінің индикаторы жыпылықтауын жалғастырады.
Бейнебетте дыбыстық сигналдар параметрі көрсетіледі.
Дыбыстық сигналдар қосулы.
Дыбыстық сигналдар сөндірулі.
6. Параметрді өзгерту үшін (5) сенсорлық түймешігін басыңыз.
7. Құптау үшін құрылғыны сөндіріңіз.
Дыбыстық сигналдарды қайта қосу үшін (1) бастап (7) дейінгі қадамдарды орындаңыз.
ҚҰРЫЛҒЫНЫ ҚОЛДАНУ
1. Су жұмсартқыштың деңгейі, тұратын жеріңіздегі судың кермектігіне сай деңгейге
қойылғанына көз жеткізіңіз. Сай келмесе, су жұмсартқыштың деңгейін реттеңіз.
2. Тұз сауытына ыдыс жуғыш машина тұзынан салыңыз.
3. Шайғыш зат сауытына шайғыш заттан салыңыз.
34
Құрылғыны қолдану
Page view 33
1 2 ... 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 ... 75 76

Comments to this Manuals

No comments