Aeg-Electrolux L60060TL User Manual Page 29

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 80
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 28
ҚАУІПСІЗДІК ТУРАЛЫ МАҒЛҰМАТТАР
Құрылғыны орнатып, пайдаланудан бұрын
осы нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз:
Өз қауіпсіздігіңіз бен мүлкіңіздің
қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін
Қоршаған ортаға өз үлесіңізді қосу үшін
Құрылғының дұрыс жұмыс істеуі үшін.
Құрылғыны басқа жаққа көшірсеңіз немесе
басқа адамға берсеңіз, осы нұсқаулықты
əрқашан онымен бірге қалдырыңыз.
Құрылғыны дұрыс орнатпау мен дұрыс
пайдаланбау нəтижесінде орын алған
ақаулықтар үшін
өндіруші жауапты емес.
БАЛАЛАР МЕН ƏЛСІЗ
АДАМДАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ
Кембағал, сезім мүкістігі бар немесе
ақыл-есі кем, құрылғыны қолдану
тəжірибесі жоқ немесе қолдана білмейтін
адамдарға, балаларға оны іске қосуға
рұқсат бермеңіз. Олар осы құрылғыны өз
қауіпсіздігін қамтамасыз ететін адамның
нұсқауы немесе қадағалауы бойынша
пайдалануға тиіс.
Орам материалдарының барлығын
балалардан алыс ұстаңыз. Тұншығып
қалу немесе жарақат алу қаупі бар.
Жуғыш заттардың барлығын балалардан
алыс
ұстаңыз.
Құрылғының есігі ашық тұрғанда,
балалар мен үй жануарларын оған
жақындатпаңыз.
Құрылғының есігін жабар алдында,
балалар мен үй жануарларының
барабанға кірмегеніне көз жеткізіңіз.
ЖАЛПЫ ҚАУІПСІЗДІК
Құрылғыны кəсіби қызмет көрсету
мақсатында қолданбаңыз. Бұл тек үйде
қолдануға арналған құрылғы.
Бұл құрылғының техникалық
сипаттамаларын өзгертпеңіз. Жарақат
алу немесе құрылғыны бүлдіріп алу қаупі
бар.
Тұтанғыш заттарды немесе ішіне
тұтанғыш зат салынған дымқыл
заттарды құрылғының ішіне, қасына
немесе үстіне қоймаңыз. Жарылыс
немесе өрт шығу қаупі бар.
Көз, ауыз, өңеш күйіп қалмас үшін,
жуғыш
заттың орамында көрсетілген
қауіпсіздік нұсқауларын орындаңыз.
Кірдегі темір заттардың барлығының
алынғанына көз жеткізіңіз. Қатты жəне
өткір заттар құрылғыға нұқсан келтіруі
мүмкін.
Бағдарлама жұмыс істеп тұрған кезде
есіктің шынысына қол тигізбеңіз. Шыны
ыстық болуы мүмкін (кір алдынан
салынатын құрылғыларда ғана).
КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ
Құрылғыны сөндіріп, ашаны розеткадан
суырыңыз.
Құрылғыны сүзгілерін салмай іске қосуға
болмайды. Сүзгілердің дұрыс
орнатылғанына көз жеткізіңіз. Дұрыс
салынбаса су ағуы мүмкін.
ОРНАТУ
Құрылғының салмағы ауыр, жылжытқан
кезде абай болыңыз.
Құрылғыны тасымал тетіктерін салмай
тасымалдамаңыз, ішкі құралас
элементтеріне зақым келіп, су ағуы
немесе ақаулық пайда болуы мүмкін.
Бүлінген құрылғыны орнатпаңыз жəне
іске қоспаңыз.
Барлық орам материалдарының жəне
тасымал тетіктерінің алынғанына көз
жеткізіңіз.
Құрылғыны орнату барысында оның
ашасының розеткадан ағытылғанына көз
жеткізіңіз.
Электр желісіне қосу, құбыр
жүйесіне,
құрылғыны орнатуға қатысты
жұмыстарды тек білікті маман іске
асыруға тиіс. Бұл құрылғының
құрылымына немесе адамға зақым
келмес үшін қажет.
Құрылғыны температурасы 0 °C
градустан төмен жерге орнатпаңыз
немесе қолданбаңыз.
ҚАЗАҚ 29
Page view 28
1 2 ... 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 ... 79 80

Comments to this Manuals

No comments