Aeg-Electrolux F65010VI User Manual Page 30

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 36
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 29
Сұ құбырына қосылу
Машинаны суық су беретін құбырға қосуға кеңес береміз. Егер ыстық суды
пайдаланатын болсаңыз,рұқсат етілген судың температурасы 60°C. Егер
ыдыс-аяқтардың кірлену дәрежесі өте жоғары болса,ыстық сумен жуу
жақсы нәтиже бермейді, себебі ол жуу бағдарламасының ұзақтығын
қысқартады.
Су құбырының өзіне қосылу үшін су қабылдайтын шлангқа орнатылған 3/4
бұрандама немесе Пресс-блок сияқты арнайы жаратылған шүмектерді
пайдалануыңызға болады.
Су қысымы "Техникалық деректер" бөлімінде берілген шектер арасында
болуы тиіс. Сіздің аймағыңыздағы негізгі су құбырының орташа қысымы
туралы жергілікті Су қожалығыңызбен хабарласыңыз.
Су құбырына қосылған кезде ол байланып, басылып немесе оралып
қалмауы керек.
Ыдыс-аяқ жуатын машинаның су қабылдайтын шлангы және канализация
шлангы бар, оларды дұрыс орнату үшін, қарсы бұранда жапқышты
пайдалана отырып, оларды сол жаққа немесе оң жаққа айналдыруға
болады.
Су ағып кетпеу үшін қарсы бұранда жапқышты дұрыстап орнатыңыз.
(Байқаңыз! Ыдыс-аяқ жуғыш машиналардың барлығы қарсы бұранда
жапқышы бар су қабылдайтын және канализация шлангтарымен
қамтамасыз етілген ЖОҚ. Осындай кездерде бұндай жабдықтар қол
жеткізгісіз.) Егер машина жаңа құбырларға немесе ұзақ уақыт
пайдаланбаған құбырларға қосылған болса, су қабылдайтын шлангты
қоспас бұрын суды бірнеше минут ағызып қойыңыз.
Ескі машиналарда қолданылған шлангтарды ПАЙДАЛАНБАҢЫЗ.
Бұл машинада пайдаланылған су ішетін су құбырына түсіп қалуын алдын
алатын мүмкіндіктер бар. Бұл машина су құбырын орнату ережелеріне
сай қылып жаратылған.
Қорғауыш клапаны бар су қабылдайтын шланг
Екі-қабаттық су қабылдайтын шлангты қосып болғаннан соң, қорғауыш
клапан шүмектен кейін орналасады. Демек су қабылдайтын шлангта су
жүргенде, ондағы қысым жоғары болады. Егер кез келген жерден су ағып
кететін болса, қорғауыш клапан оны автоматты түрде жауып тастайды.
Су қабылдайтын шлангты орнатқан кезде, келесілерге назар аударыңыз:
Қорғауыш клапанға келетін электр ток сымы екі-қабаттық шлангтың
ішіне енгізілген. Су қабылдайтын шлангты немесе қорғауыш клапан
судың ішіне түсіп қалмауы керек.
Егер су қабылдайтын құбыр немесе қорғауыш клапан бұзылған болса,
машинаны электр қуаты көзінен ажыратып қойыңыз.
Қорғауыш клапаны бар су қабылдайтын шланг жергілікті Қызмет
көрсету орталығының қызметкері ауыстырып беруі керек.
Орнатылған су қабылдайтын шланг қорғауыш клапаннан жоғары болып
қалмауы керек.
30
Page view 29
1 2 ... 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36

Comments to this Manuals

No comments