Aeg-Electrolux F88030VIP User Manual Page 4

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 76
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 3
Құрылғының есігін қараусыз ашық қалдырмаңыз. Бұл жарақаттанып
қалуға жəне ашық есікке соғылып қалуға жол бермеу үшін қажет.
Ашық тұрған есіктің үстіне отырмаңыз немесе үстіне шығып тұрмаңыз.
Қолданылуы
Бұл тек үйде қолдануға арналған құрылғы. Адам жарақаттануға жол
бермеу жəне мүлікке нұқсан келтірмеу үшін құрылғыны басқа мақсатта
қолданбаңыз.
Құрылғыны тек ыдыс жуғыш машинада жууға болатын заттарды жуу
үшін ғана қолданыңыз.
Тұтанғыш заттарды немесе ішіне тұтанғыш зат салынған дымқыл
заттарды құрылғының ішіне, қасына немесе үстіне қоймаңыз. Жарылыс
немесе өрт шығу қаупі бар
.
Пышақтар мен ұшы үшкір заттардың барлығын ас құралдары себетіне
ұшын төмен қаратып салыңыз. Немесе үстіңгі себетке көлденеңінен не
пышақ салатын себетке салыңыз. (Пышақ салынатын себет тек кей
үлгілерде ғана бар).
Ыдыс жуғыш машинаға арналған арнайы құралдарды (жуғыш зат, тұз,
шайғыш зат) ғана қолданыңыз.
Ыдыс жуғыш машинаға арналмаған тұздар су жұмсартқышқа
нұқсан
келтіруі мүмкін.
Тұзды ыдыс жуғыш машинаға жуу бағдарламасын бастамай тұрып
салыңыз. Құрылғыда қалған қалдық тұз құрылғыны тоттандыруы немесе
табанын ойып жіберуі мүмкін.
Шайғыш зат сауытына шайғыш заттан басқа бөгде зат (мысалы, ыдыс
жуғыш машинаны тазартқыш, сұйық тазартқыш) салмаңыз. Бұл
құрылғыны бүлдіруі мүмкін.
Жуу бағдарламасын бастамай тұрып, бүріккіш түтіктердің еркін айнала
алатынына
көз жеткізіңіз.
Жуу бағдарламасы орындалып тұрғанда құрылғы есігін ашсаңыз, ыстық
бу шығып кетуі мүмкін. Күйіп қалу қаупі бар.
Ыдыстарды жуу бағдарламасы аяқталғанша құрылғыдан алмаңыз.
Күту менен тазалау
Құрылғыны тазалар алдында, оны сөндіріңіз де, ашаны розеткадан
алыңыз.
Тұтанғыш заттар немесе тот бастыратын заттарды қолданбаңыз.
Құрылғыны сүзгілерін салмай іске қосуға болмайды. Сүзгілердің дұрыс
орнатылғанына көз жеткізіңіз. Теріс орнатылса ыдыс-аяқтарды жуу
нəтижесі қанағаттанғысыз болып, құрылғы бүлініп қалуы мүмкін.
Құрылғыны тазалау үшін сулы спрейді немесе буды қолданбаңыз.
Электр қатері орын
алуы жəне құрылғыға нұқсан келуі мүмкін.
Орнату
Құрылғының еш жерінің тасымалдау барысында бүлінбеген тексеріңіз.
Бүлінген құрылғыны іске қоспаңыз. Қажет болса, сатушыға
хабарласыңыз.
4
Қауіпсіздік туралы мағлұматтар
Page view 3
1 2 3 4 5 6 7 8 9 ... 75 76

Comments to this Manuals

No comments