Aeg-Electrolux F88420IM User Manual Page 3

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 36
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 2
Қоршаған ортаға зиян келдірмеу туралы
мағлұматтар 32
Орам материалдары 32
Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие.
Жұмыс жүйесі туралы нұсқаулар
Қауіпсіздік туралы мағлұматтар
Ыдыс жуғыш машинаны орнатып, ең алғаш пайдаланбас бұрын, өз
қауіпсіздігіңіз бен құрылғыны дұрыс қолдану мақсатында, пайдаланушыға
арналған бұл нұсқаулықты, оның ішінде кеңестері мен ескертулеріне
назар салып оқып шығыңыз. Осы құрылғыны пайдаланатын адамдардың
барлығы, қажетсіз ақаулықтар мен тұрмыстық апаттардың алдын алу
үшін,оның пайдалану тәсілдерімен және қауіпсіздікті қамтамасыз ететін
функцияларымен жете таныс болуы керек. Осы қолдану туралы
нұсқаулықты сақтап қойыңыз және ыдыс жуғыш машинаны басқа
адамдарға бергеніңізде немесе сатқаныңызда, оны пайдаланатын әрбір
адамның бұйымның қолданыс мерзімі аяқталғанға дейін оған қатысты
пайдалану және қауіпсіздік шараларынан хабардар болуы үшін
нұсқаулықты да қоса беруді ұмытпаңыз.
Дұрыс пайдалану
Бұл ыдыс жуғыш машина тек қана ыдыс жуғышта жууға болатын
тұрмыстағы ыдыс-аяқтарды жууға арналған.
Ыдыс жуғыш машинаға ешқандай еріткіштерді салмаңыз. Ол
құрылғының жарылып кетуіне алып келуі мүмкін.
Пышақтар және басқа да үшкір заттарды ас құралдарына арналған
себетке олардың өткір ұштарын төмен қаратып салып, не болмаса
үстіңгі себетке көлденең жатқыза салу қажет.
Ыдыс жуғыш машинада пайдалануға арналған өнімдерді (жуғыш
ұнтақтарды, тұзды және шайғыш заттарды) ғана қолданыңыз.
Құрылғы жұмыс істеп тұрған кезде, оның есігін ашпаңыз, ыстық бу
шығып кетуі мүмкін.
Ыдыс жуу циклы аяқталғанға дейін ешбір ыдысты ыдыс жуғыш
машинадан алуға болмайды.
Құрылғыны пайдаланып болғаннан соң, оны электр желісінен
ажыратыңыз да оған су беруді тоқтатыңыз.
Бұл өнімге қызмет көрсетуді тек қызмет көрсетуге арналған рұқсатқа ие
уәкілетті маман жүзеге асыру керек, және құрылғының нағыз өз
бөлшектері ғана пайдаланылуға тиіс.
Құрылғыны ешқашан өзіңіз жөндемеңіз. Тәжірибесіз адам жүргізген
жөндеу жұмыстары құрылғыға зиян келтіреді, не болмаса оның дұрыс
жұмыс істемеуіне алып келеді. Жергілікті қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз. Әрқашан осы фирма шығарған бөлшектерді
пайдалануды талап етіңіз.
Қауіпсіздік туралы мағлұматтар
3
117964771-00-102009
Page view 2
1 2 3 4 5 6 7 8 ... 35 36

Comments to this Manuals

No comments