Aeg-Electrolux F89020IM User Manual Page 35

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 40
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 34
Бұл құрылғыда қамтылған қауіпсіздік мүмкіндіктері онда пайдаланылған
судың ауыз су жүйесіне кері қайтуына кедергі жасайды. Бұл құрылғы су
құбыр жүйесінің қолданыстағы ережелеріне сай келеді.
Қауіпсіздік клапаны бар су келетін түтік
Қос қабырғалы су келетін түтікті жалғағаннан кейін кранның қасында
қауіпсіздік клапаны болады. Сондықтан су ағып жатқанда тек су келетін
түтік қана қысым астында болады. Егер осы кезде су келетін түтіктен су
жылыстап аға бастаса, қауіпсіздік клапаны ағып жатқан суды тоқтатып
тастайды.
Су келетін түтікті орнатқан кезде төмендегілерді байқаңыз:
Қауіпсіздік клапанына арналған электр сымы қос қабырғалы су келетін
түтіктің ішінде. Су келетін түтікті немесе қауіпсіздік клапанын суға
матырмаңыз.
Егер су келетін түтікке немесе қауіпсіздік клапанына зақым келсе,
электр ашасын дереу суырып тастаңыз.
Қауіпсіздік клапаны бар су келетін түтікті тек білікті маман немесе
қызмет көрсету орталығының қызметкерлері орнатуға тиіс.
Назарыңызда болсын!
Ескерту! Қатерлі кернеу.
Су келетін түтікті жалғау
Су төгетін түтіктің ұшын төмендегі тәсілдермен жалғауға болады:
1. Раковинаның төлкесіне, бұл үшін оны жұмыс бетінің астыңғы жағына
бекіту керек. Бұл ақаба судың раковинадан машинаның ішіне ағуына
жол бермейді.
2. Желдеткіш саңылаумен жабдықталған су құбырының ең аз диаметрі 4
см болуға тиіс.
Суға қосу
35
Page view 34
1 2 ... 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40

Comments to this Manuals

No comments