Aeg-Electrolux F99020IMM User Manual Page 33

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 40
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 32
Тіктеп орнату
Машинаның есігі жақсы жабылу үшін оны дұрыс тіктеп орнатудың маңызы
зор. Машина дұрыс тіктеліп орнатылса, оның есігі ашылғанда, шкафтың
екі жағы тұтылып қала бермейді. Егер есік дұрыстап жабылмаса,
өзгертпелі аяқтар арқылы машинаны жөндеп тіктеп қойыңыз.
Суға қосу
Су келетін құбырды жалғау
Бұл құрылғыны не ыстық (макс. 60°) не суық су құбырына қосуға болады.
Ыстық су құбырына жалғаған кезде тұтынылатын қуат мөлшері едәуір
азаяды. Бұл әрине ыстық судың қандай жолмен алынатындығына
байланысты. (Біз қоршаған ортаға зиянды әсері жоқ басқа қуат түрлерін,
мысалы күн көзінің қуатын, фотоэлектрлі панель не жел қуатын
пайдалануды ұсынамыз).
Тығырық су құбырына қосылымды жүзеге асыру үшін, машинаның су
беретін түтігіне лайықтап жасалған,әрі ¾ бұралып түтікке түйістіруге
немесе жедел жалғастыратын шүмекке қосуға арналған.
Су қысымы "Техникалық ақпарат" бөлімінде берілген шектер шегінен
аспауға тиіс. Аймағыңыздағы су құбырларындағы орташа қысым туралы
ақпаратты жергілікті сумен қамтамасыз ететін мекемеден ала аласыз.
Су беретін түтікті қосып жатқанда ол майысып, жаншылып, не шиеленісіп
қалмауға тиіс.
Ыдыс жуғыш машинатың функциялары,контргайканың көмегі арқылы
солға не оңға қарай бұрыла алатындай етіп орнатылған түтіктерді сумен
толтырып және жуынды судан босатып беріп отырады.
Су жылыстап ақпас үшін контргайка дұрыс орнатылуға тиіс.
( Назар аударыңыз! Ыдыс жуғыш машина үлгілерінің, су құятын және
төгетін түтікшелерінің барлығы бірдей контргайкамен
ЖАБДЫҚТАЛМАҒАН. Бұл үлгіде аталмыш құрал қарастырылмаған).
Машина жаңа құбырларға немесе ұзақ уақыт пайдаланылмаған
құбырларға жалғанса, суды су құятын түтікшені жалғамай тұрып бірер
минут ағызып алыңыз.
Ескі машиналарда қолданылған түтіктерді ПАЙДАЛАНБАҢЫЗ.
Бұл құрылғыда қамтылған қауіпсіздік мүмкіндіктері онда пайдаланылған
судың ауыз су жүйесіне кері қайтуына кедергі жасайды. Бұл құрылғы су
құбыр жүйесінің қолданыстағы ережелеріне сай келеді.
Қауіпсіздік клапаны бар су келетін түтік
Қос қабырғалы су келетін түтікті жалғағаннан кейін кранның қасында
қауіпсіздік клапаны болады. Сондықтан су ағып жатқанда тек су келетін
түтік қана қысым астында болады. Егер осы кезде су келетін түтіктен су
жылыстап аға бастаса, қауіпсіздік клапаны ағып жатқан суды тоқтатып
тастайды.
Су келетін түтікті орнатқан кезде төмендегілерді байқаңыз:
Суға қосу
33
Page view 32
1 2 ... 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40

Comments to this Manuals

No comments