Aeg-Electrolux BE7314421M Recipe Book Page 22

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 28
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 21
200 г пісірілген ветчина немесе майсыз бекон
•2 жұмыртқа
250 г қаймақ
тұз, бұрыш жəне мускат жаңғағы
Дайындау əдісі:
Ұн, май, жұмыртқа мен дəмдеуіштерді шараға салып, біркелкі қамыр пайда
болғанша араластырыңыз. Қамырды бірнеше сағат тоңазытқышқа қойыңыз. Содан
кейін қамырды жайыңыз да, майланған қара пісірме табаққа салыңыз. Түбін
шанышқымен тесіңіз. Беконды қамырдың үстінен жайып салыңыз. Толтырма
жасау
үшін жұмыртқа, қаймақ пен дəмдеуіштерді қосып араластырыңыз. Содан кейін
ірімшік қосыңыз.
Диаметрі 28 см қара түсті, майланған пісірме табақ
10 - ЛИМОН ТОРТЫ
Қоспаға салынатын құраластар:
250 г сары май
200 г қант
•1 қалта ваниль шекері (шамамен 8 г)
•1 шөкім тұз
•4 жұмыртқа
150 г ұн
150 г жүгері ұны
•1 шай қасық толы қопсытқыш ұнтақ
•2 лимонның үгітілген қабығы
Жылтыр құймаға қосылатын құраластар:
125 мл лимон шырыны
100 г қуырылған қант түйірлері
Басқа:
Шаршы пісірме табақ, ұзындығы 30 см
Майлауға арналған маргарин
Пісірме
табаққа себуге арналған нан үгіндісі
Дайындау əдісі:
Сары май, қант, лимон қабығы, ванильді қант пен тұзды шараға салып шайқаңыз.
Содан кейін жұмыртқаны бір-бірден қосып, тағы да шайқаңыз. Шайқалған қоспаға
қопсытқыш ұнтақ араласқан ұн мен жүгері ұнын қосыңыз. Қоспаны майланған əрі
нан үгіндісі себілген пісірме табаққа құйыңыз да, үстін тегістеп тұмшапештің
ішіне
қойыңыз. Піскеннен кейін лимон шырыны мен қуырылған қант түйірлерін
араластырыңыз. Тортты алюминийден жасалған жұқалтырға аударып салыңыз.
Құймасы ағып кетпеуі үшін жұқалтырды торттың шетіне қарай бүгіңіз. Торттың бетін
ағаш істікшемен тесіп, құйманы жағыңыз. Содан кейін құймасы сіңуі үшін тортты
біраз уақытқа қоя тұрыңыз.
22 Пайдалы нұсқаулар менен кеңестер
Page view 21
1 2 ... 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28

Comments to this Manuals

No comments