Aeg-Electrolux BE7314421M Recipe Book Page 25

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 28
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 24
Дайындау əдісі:
Картоптың қабығын аршып, жұқалап тураңыз, құрғатыңыз да, дəмдеуіш қосыңыз.
Пешке төзімді ыдыстың ішін сарымсақ түйірімен ысқылаңыз да, ыдысты аздаған
сары маймен майлаңыз. Дəмдеуіш қосылған картоп тілімдерінің жартысын ыдысқа
таратып салыңыз да, үстіне үгітілген ірімшіктен шамалап себіңіз. Осының үстіне
қалған картоп тілімдерін салып, үгітілген ірімшіктің қалғанын таратып себіңіз.
Сарымсақтың екінші түйірін
жаншып, жұмыртқа, сүт жəне кілегеймен бірге
шайқаңыз. Қоспаны картоптың үстіне құйыңыз да, қалған сары майды ұсақ
кесектерге бөліп гратиннің үстіне таратып салыңыз.
16 - ЛАЗАНЬЯ
Ет асқатығына арналған құраластар:
100 г таспалап туралған бекон
•1 пияз
•1 сəбіз
100 г балдыркөк
•2 ас қасық зəйтүн майы
400 г тартылған ет (сиыр еті мен шошқа еті аралас)
100 мл ет сорпасы
•1 шағын қалбырдағы туралған қызанақ (шамамен 400 г)
орегано, тасшөп, тұз жəне бұрыш
Бечамель соусына арналған құраластар:
•75 г сарымай
•50 г ұн
500 мл сүт
тұз, бұрыш жəне мускат жаңғағы
Төмендегілермен араластырыңыз:
•3 ас қасық сары май
250 г жасыл лазанья
•50 г үгітілген пармезан ірімшігі
•50 г үгітілген эмменталь ірімшігі
Дайындау əдісі:
Өткір пышақпен беконды қыртысы мен шеміршектен тазартып, ұсақ текшелеп
тураңыз. Пияз бен сəбізді аршып, балдыркөкті тазалаңыз, көкөністің бəрін ұсақтап
тураңыз. Майды кəстрөлге құйып ысытыңыз да, бекон мен туралған
көкөністерді
үнемі араластыра отырып баппен қуырып, үстіне еттің сорпасын құйыңыз. Ет
сорпасына қызанақ езбесі, асшөп, тұз бен бұрыш қосып, қақпақ жауып, бəсең отқа
қойып шамамен 30 минут қайнатыңыз. Арасында бечамель тұздығын дайындаңыз:
Сары майды табада ерітіңіз, ұн қосып, үзбестен араластыра отырып, сарғылт
тартқанша пісіріңіз. Үзбей араластыра отырып біртіндеп сүт құйыңыз. Тұздыққа тұз,
бұрыш
пен мускат жаңғағын қосыңыз да, қақпағын жаппай шамамен 10 минут
қайнатыңыз. Пешке төзімді төртбұрышты үлкен ыдысты 1 ас қасық сары маймен
Пайдалы нұсқаулар менен кеңестер
25
Page view 24
1 2 ... 20 21 22 23 24 25 26 27 28

Comments to this Manuals

No comments