– құрылғының табанына ешбір затты тура
қоймаңыз және оны алюминий
фольгамен жаппаңыз;
– құрылғының ішіне ыстық суды тура
қоймаңыз;
– тамақ пісіріп болғаннан кейін дымқыл
ыдыс пен тағамды құрылғының ішінде
ұстамаңыз.
• Ашық тұрған құрылғы есігіне күш салмаңыз.
• Тұмшапештің астыңғы бөлігіне тұтанғыш
заттарды қоймаңыз. Онда тек қызуға
төзімді заттарды (егер болса) ғана
қойыңыз.
• Тұмшапештің бу шығатын саңылауларын
жаппаңыз. Олар тұмшапештің артқы
жағының үстін ала орналасқан (егер бар
болса).
• Еріп кетуі мүмкін нәрсені пештің үстіне
қоймаңыз.
• Бетіне сызат түскенін байқасаңыз, дереу
тоқтан ажыратыңыз. Электр тоғына түсу
қаупі бар.
• Қызу өткізгіш материалдарды (мысалы,
жұқа темір тор немесе металл жалатылған
қызу өткізгіштер) ыдыстың астына
қоймаңыз. Аса көп қызу шағылысынан,
пештің шыны бетіне нұқсан келуі мүмкін.
• Тоқ сөніп қалған кездері құрылғыны
қолданбаңыз.
КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ
• Жуып-тазалардың алдында құрылғының
суық екеніне көз жеткізіңіз. Күйіп қалу қаупі
бар. Шыны панелі сынып қалуы мүмкін.
• Құрылғыны әрқашан таза ұстаңыз.
Жиналып қалған май не тағам қалдықтары
өрт қатерін тудыруы мүмкін.
• Құрылғыны үнемі тазалап отырса, оның
беткі қабаты бүлінбейді.
• Өз қауіпсіздігіңізді қамтамасыз ету және
мүлікке зиян келтірмеу үшін құрылғыны тек
сабынды сумен жуыңыз. Тұтанғыш
заттарды немесе тот басуына себеп
болатын заттарды қолданбаңыз.
• Құрылғыны бумен тазалайтын, жоғары
қысыммен тазалайтын құралдармен, өткір,
түрпілі тазартқыш заттармен, түрпілі
жөкелермен және дақ кетіргіштермен
тазаламаңыз
• Тұмшапеш бүріккішін қолдансаңыз, оны
өндірушінің нұсқауларын орындаңыз.
Қыздырғыш элементтері мен термостат
сенсорына (қолданылатын болса) ешбір зат
бүрікпеңіз.
• Шыны есікті жеміргіш заттармен немесе
металл қырғышпен тазаламаңыз. Ішкі
шыны панельдің қызуға төзімді беті сынуы
немесе шытынауы мүмкін.
• Есіктің шыны панельдеріне нұқсан келсе,
босап, сынып қалуы мүмкін. Оларды
міндетті түрде ауыстыру керек. Қызмет
көрсету орталығына хабарласыңыз.
• Құрылғының есігін алған кезде абай
болыңыз. Есіктің салмағы ауыр.
• Осы құрылғыда тек тұрмыстық
құрылғыларда пайдалануға арналған
арнайы шамдар ғана қолданылған. Оларды
бөлмені жартылай немесе толықтай
жарықтандыру үшін қолдануға болмайды.
• Егер шамды ауыстыру қажет болса, қуаты
дәл осындай, тұрмыстық құрылғыларға
арналған шамды ғана қолданыңыз.
• Тұмшапештің шамын ауыстырар алдында
құрылғыны электр желісінен ағытыңыз.
Электр тоғына түсу қаупі бар. Құрылғы
суығанша күтіңіз. Күйіп қалу қаупі бар.
ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫ
• Тек уәкілетті техниктің ғана құрылғыны
жөндеуіне немесе оған қатысты жұмысты
орындауына болады. Уәкілетті қызмет
көрсету орталығына хабарласыңыз.
• Тек фирмалық қосалқы бөлшектерді ғана
қолданыңыз.
ҚҰРЫЛҒЫНЫ ТАСТАУ
• Адам жарақаттанып немесе мүлікке зиян
келмес үшін:
– Құрылғыны электр желісінен
ажыратыңыз.
– Қуат сымын кесіп алыңыз да, қоқысқа
тастаңыз.
– Есіктің бекітпесін ағытып алыңыз. Бұл
кішкентай балалардың немесе үй
жануарларының құрылғының ішіне кіріп,
қамалып қалуына жол бермейді.
Тұншығып қалу қаупі бар.
6
www.aeg.com
Comments to this Manuals