Aeg-Electrolux F65011VI User Manual Page 28

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 32
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 27
Канализация жүйесіне жалғайтын жер
ыдыс жуғыш машинаның түбінен макс.
60 см биіктікте орналасуы қажет.
Су төгетін түтікшенің еш жерінің
майысып не жаншылып суды ағызбай
тұрмағанын тексеріңіз.
Ыдыс жуғыш машина суын төгіп тұрған
кезде, су құрылғыға қайта құйылып
кетпес үшін раковина тығынын алып
қойыңыз.
Су төгетін түтікшенің жалпы ұзындығы,
ұзартқышты қоса алғанда 4м артық
болмауға тиіс. Ішкі диаметрі түтікше
диаметрінен кіші болмауға тиіс.
Су төгетін түтікшені раковинаның
астындағы түтікке түйістіру үшін пластик
қабықты(A)алыңыз. Қабықты алмасаңыз
ас қалдықтары су төгетін түтікті
толтырып қояды.
Құрылғы кір су қайта құйылып кетуден
сақтандыратын қауіпсіздік
функциясымен жабдықталған. Раковина
түтігі 'қайтармайтын клапанмен'
жабдықталса, бұл клапан құрылғы суын
дұрыс төгуге кедергі жасайды. Қайтармайтын клапанды алыңыз.
Сақтандыру туралы ескерту!
Су қосылымдарының су ағып кетпейтіндей берік жалғанғандығын
тексеріңіз.
Электртоғына қосу
Назарыңызда болсын!
Бұл нұсқауларды орындамасаңыз, салдарына өндіруші жауапты емес.
Құрылғыны қауіпсіздік ережелеріне сай жерге қосыңыз.
Техникалық ақпарат тақтайшасындағы кернеу мен қуат мәндерінің
жергілікті желідегі кернеу мен қуатқа сай келетіндігіне көз жеткізіңіз.
Әрқашан дұрыс орнатылған, электр қатерінен сақтандырылған розетканы
пайдаланыңыз.
Көп-көзді ашаларды, жалғастырғыштар мен ұзартқыш сымдарды
қолданбаңыз. Өрт шығу қатері бар.
Қорек сымын өзіңіз ауыстырмаңыз. Қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
Құрылғыны орнатып болған соң аша қол оңай жететін жерде тұруға тиіс.
Құрылғыны сымынан тартып өшірмеңіз. Әрқашан ашасынан ұстап
өшіріңіз.
28
Электртоғына қосу
Page view 27
1 2 ... 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32

Comments to this Manuals

No comments