Aeg-Electrolux F65011VI User Manual Page 8

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 32
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 7
Жуу бағдарламасы орнатылып тұрғанда. Параметрлерді орнату
режиміне оралу үшін бағдарламаны біржола тоқтату қажет. 'Жуу
бағдарламасын орнату және бастау' тарауын қараңыз.
Дыбысты сигналдар
Дыбысты сигналды:
Жуу бағдарламасының соңында.
Су жұмсартқыштың деңгейін орнату барысында.
Құрылғыда ақау пайда болғанда естисіз.
Дыбысты сигналдар зауытта қосылатын етіп бапталған.
Дыбысты сигналдарды өшіру үшін мына қадамдарды орындаңыз:
1. Құрылғыны қосыңыз.
2. Құрылғының параметрлерді орнату режимінде тұрғанын тексеріңіз.
3. B және C функция түймешіктерін A, B және C функция түймешіктерінің
анықтағыш шамдары жыпылықтай бастағанша басып ұстап тұрыңыз.
4. А және В функция түймешігін босатыңыз.
5. C функция түймешігін басыңыз.
А және В функция түймешіктерінің анықтағыш шамдары өшеді.
C функция түймешігінің анықтағыш шамы жыпылықтайды.
Сандық бейнебетте параметр пайда болады.
Дыбысты сигналдар ажыратылған
Дыбысты сигналдар қосылған
Дыбысты сигналдар қосылады.
6. C функция түймешігін қайта басыңыз.
Сандық бейнебетте жаңа параметр пайда болады.
Дыбысты сигналдар өшеді.
7. Амалды құрылғы жадына енгізу үшін құрылғыны өшіріңіз.
Дыбысты сигналдарды қосу үшін мына қадамдарды орындаңыз:
1. Жоғарыдағы әрекетті сандық бейнебетте қажетті параметр пайда
болғанша орындаңыз.
Бірінші қолданғанға дейін
Процедураның әр сатысы үшін төмендегі нұсқауларды орындаңыз:
1. Су кермектігінің деңгейінің аймағыңыздағы судың кермектігіне сай
келетініне көз жеткізіңіз. Қажет болса су жұмсартқышты орнатыңыз.
2. Тұз сауытына ыдыс жуғыш машина тұзынан салыңыз.
3. Шайғыш зат үлестіргішіне шайғыш заттан салыңыз.
4. Ыдыс жуғыш машинаға ас құралдары мен ыдыс-аяқтарды салыңыз.
5. Жуу бағдарламасын ыдыстың қаншалықты салынғандығына және
ластанғанына қарап дұрыс орнатыңыз.
6. Жуғыш зат үлестіргішке жуғыш затты тиісті мөлшерде салыңыз.
7. Жуу бағдарламасын бастаңыз.
Егер құрама жуу таблеткаларын('3 in 1', '4 in 1', '5 in 1' т.с.с.)
қолдансаңыз, 'Multitab функциясы' тарауын қараңыз.
8
Бірінші қолданғанға дейін
Page view 7
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 ... 31 32

Comments to this Manuals

No comments