Aeg-Electrolux F65011VI User Manual Page 3

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 32
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 2
Қоршаған ортаға зиян келдірмеу туралы
мағлұматтар 29
Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие.
Жұмыс жүйесі туралы нұсқаулар
Жалпы мағлұмат бөлімдері
Осы нұсқаулықты өз қауіпсіздігіңіз бен құрылғыны дұрыс пайдалану үшін,
оны орнатып іске қоспас бұрын мұқият оқып шығыңыз. Нұсқаулықты
әрқашан тіпті құрылғыны көшірсеңіз не сатсаңыз да онымен бірге
қалдырыңыз. Пайдаланушылар құрылғының қауіпсіздік функциясы мен
оны іске қосу жолдарын толық білуге тиіс.
Дұрыс пайдалану
Құрылғы тек үйде пайдалануға ғана арналған.
Құрылғыны тек ыдыс жуғыш машинада жууға болатын үйдегі ыдыс-
аяқтарды жуу үшін ғана қолданыңыз.
Құрылғыға ешбір еріткіш зат салмаңыз. Жарылып кету қаупі бар.
Пышақ және өткір ұшты құралдардың барлығын ас үй құралдары
себетіне төмен қаратып салыңыз. Не үстіңгі себетке көлденең
жатқызып салыңыз.
Тек ыдыс жуғышқа арналған фирмалық заттарды(жуғыш зат,
тұз,шайғыш зат)ғана қолданыңыз.
Жұмыс істеп тұрған құрылғы есігін ашсаңыз, ыстық бу шығып кетеді.
Күйіп қалу қаупі бар.
Ыдыстарды ыдыс жуғыштан жуу бағдарламасы аяқталмай тұрып
алмаңыз.
Жуу бағдарламасы аяқталған кезде розетканы электр желісінен
суырып, судың шүмегін жабыңыз.
Бұл құрылғыны тек уәкілетті қызмет көрсету маманы ғана жөндеуге тиіс.
Тек фирмалық қосалқы бөлшектерді қолданыңыз.
Жарақат алып не құрылғыға зақым келмес үшін құрылғыны өзіңіз
жөндемеңіз. Әрқашан жергілікті қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
Жалпы қауіпсіздік ережелері
Физиологиялық, сезімдік не қабілет деңгейі төмен немесе пеш
жұмысына қатысты тәжірибесі мен білімі аз адамдар (балаларды қоса
алғанда)құрылғыны пайдаланбауға тиіс. Олар құрылғыны міндетті
түрде өз қауіпсіздігін қамтамасыз ететін адамның нұсқауы не
қадағалауы бойынша пайдалануға тиіс.
Көз, ауыз қуысы мен кеңірдек күйіп қалмас үшін ыдыс жуғыш машинаға
арналған жуғыш заттарды пайдалану туралы өндіруші нұсқауларын
орындаңыз.
Жалпы мағлұмат бөлімдері
3
117976881-00-062009
Page view 2
1 2 3 4 5 6 7 8 ... 31 32

Comments to this Manuals

No comments