Aeg-Electrolux F88002VI0P User Manual Page 28

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 76
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 27
Пышақтар мен ұшы үшкір заттардың барлығын ас құралдары себетіне ұшын төмен
қаратып салыңыз. Немесе үстіңгі себетке көлденеңінен не пышақ салатын себетке
салыңыз. (Пышақ салынатын себет тек кей үлгілерде ғана бар).
Ыдыс жуғыш машинаға арналған арнайы құралдарды (жуғыш зат, тұз, шайғыш зат)
ғана қолданыңыз.
Ыдыс жуғыш машинаға арналмаған тұздар су жұмсартқышқа нұқсан келтіруі мүмкін.
Тұзды ыдыс жуғыш машинаға жуу бағдарламасын бастамай тұрып салыңыз.
Құрылғыда қалған қалдық тұз құрылғыны тоттандыруы немесе табанын ойып
жіберуі мүмкін.
Шайғыш зат сауытына шайғыш заттан басқа бөгде зат (мысалы, ыдыс жуғыш
машинаны тазартқыш, сұйық тазартқыш) салмаңыз. Бұл құрылғыны бүлдіруі мүмкін.
Жуу бағдарламасын бастамай тұрып, бүріккіш түтіктердің еркін айнала алатынына
көз жеткізіңіз.
Жуу бағдарламасы орындалып тұрғанда құрылғы есігін ашсаңыз, ыстық бу шығып
кетуі мүмкін. Күйіп қалу қаупі бар.
Ыдыстарды жуу бағдарламасы аяқталғанша құрылғыдан алмаңыз.
Күту менен тазалау
Құрылғыны тазалар алдында, оны сөндіріңіз де, ашаны розеткадан алыңыз.
Тұтанғыш заттар немесе тот бастыратын заттарды қолданбаңыз.
Құрылғыны сүзгілерін салмай іске қосуға болмайды. Сүзгілердің дұрыс
орнатылғанына көз жеткізіңіз. Теріс орнатылса ыдыс-аяқтарды жуу нәтижесі
қанағаттанғысыз болып, құрылғы бүлініп қалуы мүмкін.
Құрылғыны тазалау үшін сулы спрейді немесе буды қолданбаңыз. Электр қатері
орын алуы және құрылғыға нұқсан келуі мүмкін.
Орнату
Құрылғының еш жерінің бүлінбегеніне көз жеткізіңіз. Бүлінген құрылғыны
орнатпаңыз немесе іске қоспаңыз, сатушыға хабарласыңыз.
Құрылғыны орнатып іске қосар алдында орам материалдарының барлығын алыңыз.
Электр қосылымына, құбыр жүйесіне, құрылғыны орнатуға қатысты жұмыстарды тек
білікті маман іске асыруға тиіс. Бұл құрылғының құрылымына немесе адамға зақым
келмес үшін қажет.
Құрылғыны орнату барысында оның ашасының розеткадан ағытылғанына көз
жеткізіңіз.
Құрылғының қабырғаларын, оның гидравликалық немесе электрлік бөлшектерін
бүлдіріп алмас үшін бұрғылап теспеңіз.
Маңызды!Құрылғымен бірге келген парақтағы нұсқауларды орындаңыз:
Құрылғыны орнату.
Есік панелін құрастыру.
Сумен жабдықтау және су төгу жүйелеріне қосу.
Құрылғының үсті мен жан-жағын қоршаған конструкциялардың қауіпсіз болуын
қамтамасыз етіңіз.
28
Қауіпсіздік туралы мағлұматтар
Page view 27
1 2 ... 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 ... 75 76

Comments to this Manuals

No comments