Aeg-Electrolux F88002VI0P User Manual Page 30

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 76
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 29
Әрқашан дұрыс орнатылған, электр қатерінен сақтандырылған розетканы
қолданыңыз.
Көп тармақты аша мен ұзартқыш сымды қолданбаңыз. Өрт шығу қаупі бар.
Қорек сымын ауыстырмаңыз немесе өзгертпеңіз. Қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
Құрылғының арт жағындағы аша мен қорек сымының жаншылып немесе бүлініп
қалмағанына көз жеткізіңіз.
Орнатып болғаннан кейін ашаның қол жететін жерде тұрғанына көз жеткізіңіз.
Құрылғыны ажырату үшін қуат сымынан тартпаңыз. Әрқашан ашасынан тартып
ажыратыңыз.
Қызмет көрсету орталығы
Құрылғыны тек уәкілетті техник ғана жөндеуге немесе оған қатысты жұмыстарды
орындауға тиіс. Қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Тек фирмалық қосалқы бөлшектерді ғана қолданыңыз.
Құрылғыны тастау
Адам жарақаттанып немесе мүлікке зиян келмес үшін:
Ашаны розеткадан ағытыңыз.
Қуат сымын кесіп алыңыз да, қоқысқа тастаңыз.
Есіктің бекітпесін ағытып алыңыз. Бұл балалар мен үй жануарлары құрылғыға
кіріп қамалып қалмас үшін қажет. Тұншығып қалу қаупі бар.
Құрылғыны жергілікті қоқыс тастайтын жерге тастаңыз.
Назарыңызда болсын!
Ыдыс жуғыш машинаға арналған жуғыш заттар қауіпті және тоттандыруы мүмкін !
Егер осы жуғыш заттардан болып оқыс жағдай орын алса, дереу дәрігерге
хабарласыңыз.
Жуғыш зат ауызға түсіп кетсе дереу дәрігерге хабарласыңыз.
Жуғыш зат көзге түсіп кетсе, дереу дәрігерге хабарласыңыз және көзіңізді сумен
шайыңыз.
Ыдыс жуғыш машинада қолданылатын жуғыш заттарды қауіпсіз, балалардың қолы
жетпейтін жерде сақтаңыз.
Жуғыш зат үлестіргіште жуғыш зат болған кезде, құрылғының есігін ашық
қалдырмаңыз.
Жуғыш зат үлестіргішін жуу бағдарламасын бастардың алдында ғана толтырыңыз.
30
Қауіпсіздік туралы мағлұматтар
Page view 29
1 2 ... 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 ... 75 76

Comments to this Manuals

No comments