Aeg-Electrolux F88420IM User Manual Page 18

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 36
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 17
4. Таблетка тәрізді жуу заттарын
пайдаланғанда оларды
қорапшаға (1) салыңыз
5. Қақпақшаны қойыңыз да
жабылғанға дейін үстінен
басыңыз.
Таблетка пішіндес жуу заттары
Әртүрлі өндірушілер өндірген
таблетка тәрізді жуу заттарының еру
уақыты да әртүрлі болады. Сол
себепті, қысқа мерзімдік жуу
бағдарламалары қолданылғанда
кейбір таблетка пішіндес заттарды
пайдалану күткен нәтижеге
жеткізбейді. Сондықтан,таблетка пішіндес жуу заттарын қолданған кезде
жуу заттарының қалдығы әбден кету үшін ұзақ мерзімдік жуу
бағдарламаларын қолданыңыз.
Мульти таб функциясы
Бұл құрылғы "Multitab" құрама жуу таблеткаларын пайдалануға мүмкіндік
беретін "Multitab функциясымен" жабдықталған.
Бұлар - жуу, шаю және тұзбен жұмсарту тәрізді қасиеттердің барлығын
бір өзінде қамтыған жууға арналған заттар. Таблетка пішіндес жуу
заттарының ("3in1", "4in1", "5in1", т.с.с.) қандай түрін қолданып
отырғаныңызға байланысты, олардың құрамында басқа да қасиетке ие
заттардың бар болуы мүмкін.
Бұл жуу өнімдерінің судың кермектігіне сай келер-келмесін тексеріңіз.
Өндірушінің нұсқауларын оқыңыз.
Бұл параметрді барлық жуу бағдарламалары үшін таңдауға болады. Бұл
функция таңдалғанда, шайғыш зат мен тұздың сәйкес сауыттардан
қосылуы автоматты түрде тоқтатылады және шайғыш зат мен тұздың
шамдары да өшеді.
"Multitab функциясын" жуу бағдарламасын бастамас бұрын таңдаңыз.
Бұл параметр таңдалғаннан соң(көрсеткіш шамы жанады),ол келесі жуу
бағдарламалары үшін қолдануға да белсенді бола береді.
"Multitab функциясын" қолданған кезде, жуу кезеңдерінің ұзақтығы өзгеруі
мүмкін. Бұл жағдайда сандық бейнебеттен көрсетіліп тұрған жуу
бағдарламасының орындалу уақыты автоматты түрде жаңартылып
көрсетіледі.
Бағдарлама бірден іске қосылып кеткеннен соң, "Multitab функциясын"
өзгертуге БОЛМАЙДЫ. Егер "Multitab функциясын" қолдануды
тоқтатқыңыз келсе, бағдарлама параметрлерін тоқтатып барып, содан
кейін ғана "Multitab функциясын" ажыратасыз.
Бұндай кезде, жуу бағдарламасын (және қалаған параметрлерді)
қайтадан орнатуыңыз қажет.
18
Мульти таб функциясы
Page view 17
1 2 ... 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 ... 35 36

Comments to this Manuals

No comments