Aeg-Electrolux F88420IM User Manual Page 23

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 36
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 22
Орындалып тұрған жуу бағдарламасын тоқтату
Машинаның есігін ашыңыз; бағдарлама тоқтайды. Есікті жабыңыз;
бағдарлама тоқтаған жерінен әрі қарай жалғаса түседі.
On/Off түймешігін басыңыз, барлық шамдар өшеді. On/Off түймешігін
қайтадан басыңыз; бағдарлама тоқтаған жерінен әрі қарай жалғаса
түседі.
Жуу бағдарламасының соңы
Машина автоматты түрде тоқтайды және естілерлік сигнал жуу
бағдарламасының аяқталғандығынан хабардар етеді.
Жаңа ғана аяқталған бағдарламаның шамы жанған күйінде тұра береді.
Сандық бейнебетте нөл пайда болады.
1. Қосу/Өшіру (On/Off) түймешігін басып, машинаны ажыратыңыз.
Жуу бағдарламасы аяқталған соң машинаны өшіріп қоюды ұсынамыз.
Бұлай істемеген жағдайда, бағдарлама аяқталған соң 3 минут өткен кезде
барлық анықтағыш шамдар автоматты түрде өшіп қалады. Сандық
бейнебетте 1 көлденең сызық пайда болады.
Бұл машинаны өшіруді ұмытып кетсеңіз не қандай да бір себепке
байланысты бағдарлама аяқталған соң құрылғыны өшіріп қою мүмкін
болмаған жағдайда қуатты үнемдеуге көмектеседі.
Кез келген түймешікті (On/Off түймешігінен басқасын) бассаңыз, басқару
панелінен де (анықтағыш шамдар мен сандық бейнебет) бағдарлама
аяқталған кездегідей жағдай көрсетіледі.
2. Машинаның есігін ашыңыз, ыдыс-аяқтарды шығармас бұрын есікті
жартылай ашқан күйі бірнеше минут күтіңіз; осылайша ыдыс-аяқтар
суыңқырап,құрғату нәтижесі де жақсара түседі.
Ыдыс жуу машинасын босату
Ыстық ыдыс елеусіз салмақ әсер етсе де морт сынғыш келеді.
Сондықтан ыдыс-аяқты жуғыштан шығармас бұрын, суытып алу керек.
Ең алдымен, астыңғы себетті, содан соң үстіңгі себетті босатыңыз;
сонда төмендегі ыдыс-аяққа үстіңгі себеттен су тамып кетпейді.
Тот баспайтын темір, ыдыс-аяқтарға қарағанда біртіндеп суып
басылатындықтан, ыдыс жуғыш машинаның қабырғалары мен есігі
булануы мүмкін.
Сақтандыру туралы ескерту!
Жуу бағдарламасы аяқталған соң ыдыс жуғыш машинаны электр
желісінен ажыратып, су құбырының шүмегін жауып қоюға қенес береміз.
Ыдыс жуу машинасын босату
23
Page view 22
1 2 ... 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 ... 35 36

Comments to this Manuals

No comments