Aeg-Electrolux B89090-5 User Manual Page 24

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 36
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 23
Құрылғының ішіне немесе есігінің шынысына бу тұруы мүмкін. Бұл
қалыпты жағдай. Тамақ пісірген кезде есікті әрқашан артқа шегініп
барып ашыңыз. Бу аз жиналуы үшін тамақ пісірер алдында пешті 10
минут іске қосып қойыңыз.
Құрылғыны пайдаланып болғаннан кейін ылғал жерлерін сүртіп
отырыңыз.
Заттарды құрылғының табанына тура қоймаңыз және құрылғының
бөлшектерін тағам пісірген кезде алюминий фольгамен жаппаңыз. Бұл
пісіру нәтижесіне әсер етіп, пештің кіреуке қаптамасын бүлдіруі мүмкін.
Торттарды пісіру
Торт пісіруге 150°C мен 200°C аралығындағы температура тамаша сай
келеді.
Пісіруді бастамай тұрып пешті 10 минут қыздырып алыңыз.
Пісіру уақытының 3/4 мөлшері өтпейінше пештің есігін ашпаңыз.
Бір уақытта екі пісіру сөресін пайдалансаңыз, олардың арасындағы бір
қатарды ашық қалдырыңыз.
Балық пен етті пісіру
Салмағы 1 кг-нан аз болатын етті пісірмеңіз. Тым аз етті пісіргенде ет
өте кебір болып піседі.
Қызыл еттің сырт жағын әбден, ішін сөлімен пісіру үшін температураны
200 °C-250 °C аралығында орнатыңыз.
Үй құсының еті не балық тәрізді ақ етті пісіру үшін температураны 150°C
- 175 °C аралығында орнатыңыз.
Өте майлы тағам пісірген кезде, пеште кетпейтін дақ қалып қоймас үшін
май жинайтын табаны қолданыңыз.
Еттің сөлі ағып кетпес үшін, оны турамай тұрып 15 минуттай қоя
тұрыңыз.
Тағам қуырған кезде пештің іші қатты түтіндеп кетпес үшін, май
жинағыш табаға аздап су құйыңыз. Түтін жиналып қалмас үшін, су кеуіп
кеткен сайын қосымшалап су құйыңыз.
Акриламидтер бойынша ақпарат
Өте маңызды! Ең соңғы ғылыми мәліметтерге сәйкес, тағамды (әсіресе
құрамында крахмал бар) қуырған кезде, акриламидтер денсаулыққа қатер
төндіруі мүмкін.Сондықтан, біз тағамды ең төмен температурада пісіруді
және тым қатты қуырмауды ұсынамыз.
КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ
Назарыңызда болсын!
"Қауіпсіздік туралы ақпарат" тарауын қараңыз.
Құрылғының алдыңғы жағын сабын мен ыстық суды пайдаланып,
жұмсақ шүберекпен сүртіңіз.
24 Күту менен тазалау
Page view 23
1 2 ... 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 ... 35 36

Comments to this Manuals

No comments