Aeg-Electrolux B8931-5-M User Manual Page 5

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 44
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 4
Құрылғыны тек үйде тамақ пісіру үшін ғана пайдаланыңыз. Бұл
адамның жарақаттануына немесе мүлікке зиян келуіне жол бермеу
үшін қажет.
Құрылғыны жұмыс орны немесе зат сақтайтын орын ретінде
қолданбаңыз.
Құрылғыны іске қосқан кезде, оның іші мен керек-жарақтары ысып
кетеді. Күйіп қалу қаупі бар. Керек-жарақтарды немесе кәстрөлдерді
алып-салған кезде қолғап киіңіз.
Пештің эмалін бүлдіріп алмас үшін, керек-жарақтарды алған немесе
салған кезде абай болыңыз.
Жұмыс істеп тұрған құрылғының есігін, әрқашан құрылғыдан алыс
тұрып ашыңыз. Ыстық бу шығуы мүмкін. Теріні күйдіріп алу қаупі бар.
Құрылғының эмаль қаптамасы бүлініп немесе өңі кетпес үшін:
құрылғының табанына ешбір затты тура қоймаңыз және оны
алюминий фольгамен жаппаңыз;
құрылғының ішіне ыстық суды тура қоймаңыз;
тамақ пісіріп болғаннан кейін дымқыл ыдыс пен тағамды
құрылғының ішінде ұстамаңыз.
Эмаль қаптаманың түсінің кетуі құрылғының жұмысына еш әсер
етпейді, сондықтан да бұл кепілдік заңы бойынша қарастырылатын
жағдай емес.
Ашық тұрған құрылғы есігіне күш салмаңыз.
Тағамды пісіргенде, тіпті гриль жасаған кезде де құрылғы есігін
әрқашан жауып отыру қажет.
Күту менен тазалау
Құрылғыны жөндердің алдында сөндіріп, электр желісінен ағытыңыз.
Жөндердің алдында құрылғының салқын тұрғандығына көз жеткізіңіз.
Күйіп қалу қаупі бар. Шыны панелі сынып қалуы мүмкін.
Құрылғыны әрқашан таза ұстаңыз. Жиналып қалған май не тағам
қалдықтары өрт қатерін тудыруы мүмкін.
Құрылғыны мерзімді түрде тазаласаңыз, оның бетінің сапасы түспейді.
Өте сұйық қоспадан жасалған торттарды пісірген кезде, жеміс
шырыны кетпейтін дақ қалдырмас үшін терең пісіру науаларын
қолданыңыз.
Өз қауіпсіздігіңізді қамтамасыз ету және мүлікке зиян келтірмеу үшін,
құрылғыны тек су мен сабынды қолданып тазалаңыз. Тұтанғыш
заттар немесе тот бастыратын заттарды қолданбаңыз.
Құрылғыны бу құрылғылары, жоғары қысыммен тазалайтын құралдар,
өткір, түрпілі тазалағыш заттар, түрпілі жөке және дақ кетіргіштермен
тазаламаңыз
Пеш бүріккішін қолдансаңыз, оны өндірушінің нұсқауларын орындаңыз.
Шыны есікті жеміргіш заттармен немесе металл қырғышпен
тазаламаңыз. Ішкі шыны панельдің қызуға төзімді беті сынып,
жарылып кетуі мүмкін.
•Есіктің шыны панельдеріне нұқсан келсе, босап, сынып қалуы мүмкін.
Оларды міндетті түрде ауыстыру керек. Қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
Қауіпсіздік туралы мағлұматтар
5
Page view 4
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 ... 43 44

Comments to this Manuals

No comments