Aeg-Electrolux 41005VD-MN User Manual Page 52

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 76
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 51
Үлкендігі әртүрлі табаны қолданғанда не әртүрлі тағам түрлерін, мысалы
печенье не торт түрлерін пісірген кезде, бұлардың барлығы міндетті
түрде бір уақытта пісуге тиіс емес.
Желдеткішті пешті мысалы, жеміс тарталеткасы, мейізі бар бәліш, шұжық
не ет қосылған пирожок және басқа кішкене кондитер өнімдерін алдын ала
жібітпестен қыздыру үшін пайдалануға болады. 190 - 200
°
C
температураны пайдаланыңыз да, 20-40 минуттай(пештегі тағамның
мөлшеріне қарай)қыздырыңыз.
Температуралар тек жалпылама ұсыныс ретінде ғана берілген.
Температураны жеке талаптарыңыз бен қалауыңызға сай көбейтіп не
азайту қажет болуы мүмкін.
Ыдыстардың пісіру нәтижесіне тигізер әсері
Ыдыстар мен қалбыр сауыттардың қалыңдығы, жылу өткізгіштігі, түсі, т.б.
қасиеттері әртүрлі, әрі олар жылудың ыдыс ішіндегі тағамға өтуіне әсер
етеді:
1. Алюминий, керамика, тұмшапеште қолданылатын шыны ыдыстар
және жылтырақ ыдыстар тағамды тездетіп пісіреді және оның түп
жағын да тезірек қызартады.
2. Сырлы шойын, анодталған алюминий, іші зат жабыспайтын
материалмен қапталған алюминий және сырты боялған, сондай-ақ
түсі баран және ауыр ыдыстар тағамды баяу пісіреді және түп жағын
да баяу қызартады.
Жібіту параметрлері
Функцияны басқаратын түймешені қалпына қойыңыз. Мұздатылған ет,
балық, үсті әрленген не толтырғыштар салынған нан-тоқаш өнімдерін
жібіткенде температураны басқаратын құралды өшіріп қойыңыз.
Тұмшапеш сөрелері/пісіру табаларын көп мөлшердегі тағамды жібіту үшін
бірнеше қатарға орналастыруға болады. Бұл жерде қажетті уақыттар
берілмейді. Істікті қолданып тексеріп көріңіз.
Ақыл-кеңес
Жібіту кезінде тағам кебірсіп кетпес үшін бетін қақпақпен, алюминий
қаңылтырмен не пластик таспамен жабыңыз.
Балық филесінің кішкене не жұқа тілігін не қабығы аршылған креветка,
фарш, бауыр және майда туралған ет 1-2 сағатта жібиді. Тағам тазалығын
тиісті түрде қамтамасыз ету үшін жібітілген тағамды дереу пісіріп не
тоңазытқышқа салуды ұмытпаңыз.
Жібітілген тағамды бөлме температурасында ҚАЛДЫРМАҢЫЗ.
Жібітілуге тиіс тағамды мүмкіндігінше бір қабаттан салыңыз да, жібітудің
орта тұсында аударып қойыңыз.
Пеш шамы
Бұл шам тұмшапеш функциясын басқаратын түймеше қосылғанда жанып,
тұмшапеш жұмыс жасап тұрғанда жанған күйі тұрады.
52
Пешті іске қосу
Page view 51
1 2 ... 47 48 49 50 51 52 53 54 55 56 57 ... 75 76

Comments to this Manuals

No comments